RU

"Қобалжып тұрмын": Актриса Линда Нигматулина шетелге көшетінін хабарлады

Линда Нигматулина
Фото: Instagram/linda_nigmatulina

Қазақстандық танымал актриса әрі әнші Линда Нигматулина шетелге қоныс аударғалы жатқанын мәлімдеді. Бұл жаңалығымен өнер иесі бірінші жанкүйерлерімен бөліскен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Линда Нигматулина басқа елге көшкелі жатқанын өзінің Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады. Ол шетелге қандай мерзімге қоныс аударып жатқанын нақты айта алмайтынын алға тартты.

Белгілі актрисаның бұл мәлімдемесі оның барша жанкүйерлерін қатты таңғалдырды. Қалың көпшілік өнер иесінің өзге елге кететінін мүлдем күтпеген. Сол себепті, мұндай жаңалыққа дайын болмағандарын айтты.

Өнер иесі жазбасымен желі қолданушыларын қызықтырып қойды. Ол оқырмандарына өзінің қай жаққа қоныс аударып жатқанын тауып көруге шақырды.

"Достар, мен көшіп баратырмын. Қандай мерзімге қоныс аударатынымды нақты айта алмаймын. Бірақ, бір емес, бірнеше жылға көшіп бара жатқаным анық. Мен қатты қобалжып тұрмын. Мені алда не күтіп тұр екен?! Қазір жағдайым қиын болып тұр. Көп мәселені шеші керек. Бірақ, мен бұл шешімімнің дұрыс екеніне сенемін. Қай елге және қай қалаға көшіп бара жатырмын? Қалай ойлайсыздар" , - деп жазды Линда Нигматулина.

Айта кетейік, бұған дейін белгілі әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева да алдағы уақытта шетелге көшетінін хабарлаған болатын. Өнер иесі он жылға Америка Құрама штаттарына виза реттеп жатқанын айтты. Оның қоныс аударуына жұмысы мен жеке өмірі себепкер болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1883207-kobalzyp-trmyn-aktrisa-linda-nigmatulina-setelge-ksetinin-habarlady/