Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлем жұртшылығы Димаштың ерекше дауысына теңеу таппай, бас қатырды (видео)

Опубликовано:

Димаш Құдайбергеннің табынушылары
Скриншот: Cha Che

YouTube-та әлем жұртшылығы Димаштың "Ұмытылмас күн" әнін орындау кезінде ерекше жоғары нотаны алған сәтіне таңдай қақты. Олар мұндай дыбыс пианино пернесінде жоқтығын жарыса жазып жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Әлемнің әр түкпіріндегі жұрттың таңдансын бір видеоға жинақтаған Cha Che есімді YouTube қолданушысы Димаштың әніне баға берушілер оның дауысына қатты таңырқап жатқанын жазған.

"D8? D7? Дельфиннің дауысы? Димаштың "Ұмытылмас күн" әні", - деп жазған ол.

Видеода танымал ән сыншылары Димаштың әнді орындауына таңырқағандары соншалық, сөз таппай абдырап қалып жатқандары байқалады. Олар мұндай дыбысты пианиноның пернелерінен табу мүмкін еместігін айтуда. Видеоны көрген өзге қолданушылар да бұл пікірмен келісіп отыр.

"Енді Димаш үшін арнайы d8 пернесі бар рояль жасау керек болады", "Бұл дельфиннің дыбысы. Ондай дыбысты екінің бірі шығара алмайды. Жарайсың, бауырым", - деп жазды пікір қалдырушылар.

Еске салсақ, бұған дейін Димаш Құдайберген "Азия-Тынық мұхиты аймағындағы ең сымбатты 100 ер адам" халықаралық байқауында 20-шы орынды иеленгенін жазған едік.

Одан бөлек, Латвия радиостанцияларының бірі қазан айын Димаш Құдайбергеннің айы деп жариялағанын жазған болатынбыз. Яғни бір ай бойы әншінің туындылары бір күнде бес реттен радиода шырқалды.

Сонымен қатар MTV ерекше сұранысқа ие болған Димаш Құдайбергенді тағы да көрсету туралы шешім қабылдағанын хабарлаған едік.

Димаш дауыс беру нәтижелері бойынша кештің ең сұранысқа ие бес әншісінің қатарына енген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1883358-delfinni-dauysy-lem-zrtsylygy-dimasty-erekse-dauysyna-teeu-tappaj-bas-katyrdy-video/

pixel