Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ваннада жатқан Димаш Құдайберген қыздар қауымын естен тандырды (фото)

Опубликовано:

Димаш Құдайберген ваннада
Фото: Instagram/kudaibergenov.dimash

Ғажайып даусымен күллі әлемді таңдай қақтырып жүрген Димаш Құдайберген барша қыздар қауымын өзіне қаратты. Өнер иесі соңғы түскен фотосессиясын жариялап, бойжеткендерді өзіне ғашық етті. Әншінің өнеріне тәнті арулар оның ерекше суреттеріне тәнті болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Димаш Құдайберген соңғы уақытта өз жанкүйерлерін күнделікті жаңа фотоларымен қуантып жүр. Өнер иесі желіде белсенділік танытып, Instagram парақшасын жиі жаңартуда.

Бұл жолы ерекше дауысты әнші қыздар қауымын естен тандырған. Ол өзінің ваннада жатып түскен суретін жариялап, қызу талқыға қалды. Бойжеткендер аталмыш фотоға бірден пікірлерін жаудырып, оған деген сезімдерін ашық білдірген.

"Неткен сымбатты едің" , "Сымбаттылығыңда шек жоқ. Димаш қа бәрі жарасады. Мінсіз жігіт қой" , "Ғашық болдым. Бар назарым сенде болғаны соншалық, ваннаны байқамай қалыппын" , "Күн сайын таңғалдырып жатырсың. Неткен ерекше фото. Келер жолы қанлдайын күтейік?" , "Ванна? Градус жоғарылап барады. Талай қыздың жүрегі жанғаны анық. Негізігде өте сапалы фотосессия екен" , "Қалғандарын естен тандырайын дедің бе? Сенің жанкүйер қыздарың тәнті болғаны анық", "Ғашық болдым. Сізді сүймеу мүмкін емес" , - деп жазуда көпшілік.

Еске сала кетейік, әнші Димаш Құдайберген "Азия-Тынық мұхиты аймағындағы ең сымбатты 100 ер адам" халықаралық байқауында 20-шы орынды иеленгенін хабарлаған болатынбыз. Бұл жаңалықты Instagram желісіндегі zhongxindeying парақшасы да бөліскен. Желі қолданушылары әншіні құттықтауға кірісті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1883377-vannada-zatkan-dimas-kdajbergen-kyzdar-kauymyn-esten-tandyrdy-foto/

pixel