RU

"Маска ки": Марат Омаров коронавирус туралы тағы бір ән шығарды

Марат Омаров
Фото: Instagram/marat_omarov_kz

Отандық эстрада жұлдызы Марат Омаров тағы да қызу талқыға қалды. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері коронавирус жайлы жаңа ән шығарды. Қауіпты індетке "кет" деп өлең шырқаған әнші бұл жолы маска киіп, санитарлық нормаларды сақтауға шақырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Марат Омаров "Маска ки" атты әнінің тұсаукесерін Instagram желісіндегі парақшасында жасады. Ол жаңа туындысында бетперде тағып, карантин талаптарын орындау тақырыбын көтерді.

Өнер иесі су жаңа өлеңін орындап жатқан видеосын жариялап, елді тағалдырды, Бейнежазбадан оның қасында бір топ жастардың ән айтып жатқанын көруге болады.

Желі қолданушылары Марат Омаровтың өлеңін бірден қызу талқыға салды. Олар әншінің шығармашылығына қатысты пікірлерін жаудырып, оған қатысты өз ойын ортаға салған.

Кейбірі оны қолдап жатса, тағы біреулер керісінше сынап тастады.

"Маска киіп алып, өлең айтып, билеп жүреміз енді! Флешмоб болады ма? Ойбай жиналуға болмайды екен ғой. Айтпақшы АҚШ-тың Президенті Сізді шақырды ма "короновирус кет-кет-кет" әніңіз үшін?" , "Керемет" , "Жарайсыз ағасы" , "Осы да ән ба? Не істеп жүрсіз осы" , "Шығармайтындары жоқ", "Күшті ән, халықты қуантып жүре беріңіз. Көп жасаңыз" , - деп жазуда көпшілік.

Еске ала кетейік, Марат Омаровтың "Коронавирус кет, кет" әні желіні жарып, нағыз хитке айналған еді. Отандық жас өнерпаздар аға буынның туындысынан шабыт алып, әннің өз орындауындағы нұсқаларымен бөліскен.

Кейінірек, өнер иесі желіде хит болған коронавирус жайлы әніне қатысты бар шындықты айтты. Сазгер кеңінен тараған өлеңді шығару идеясы Шымкент шаһарындағы мейрамханалардың бірінде туындағанын жеткізген болатын.

Оның сөзінше, аталмыш туындының жарық көруіне қауіпті дерттен барынша қорғанып әлек болған халық түрткі болған.

Оған қоса, АҚШ президенті Дональд Трамп Марат Омаровты Америкаға шақырған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1883441-maska-ki-marat-omarov-koronavirus-turaly-tagy-bir-n-sygardy/