Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мейрамбек Бесбаев 44 жасын қалай қарсы алды (фото)

Опубликовано:

Мейрамбек Бесбаев ұлымен
Фото: Instagram/m_besbaev

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мейрамбек Бесбаев 44 жасқа толды. Әншінің туған күнін қалай қарсы алғаны мен оны бірінші болып кім құттықтағанын KAZ.NUR.KZ материалынан біле аласыздар.

Мейрамбек Бесбаев 44 жасының алғашқы минуттарын отбасымен бірге қарсы алған. Өнер иесінің балалары жұлдыз әкесіне тосын сый жасап, түнгі он екіден кейін оны дәмді тортпен ерекше құттықтаған.

Эстрада жұлдызы перзенттерімен бірге өткізген бақытты сәтінен фотоларды Instаgram парақшасында бөліскен.

Барша қазақстандық шоу-бизнес өкілдері бірінен соң бірі Мейрамбек Бесбаевты туған күнімен құттықтап, өздерінің жүрекжарды тілектерін арнауда.

Ернар Айдар өнердегі үлгі тұтар ағасына ерекше жазба арнаса, Төреғали Төреәлі оған өлең шумақтарын жолдаған.

Туған күн иесі жаңа жасын жанұясымен қарсы алғанымен, кейін атаулы күнін жақын достарымен атап өткен. Оған Бесбаевтың жеке мерекесіне орай ұйымдастырылған көңілді кеш қонақтарының жазбалары дәлел.

Айта кетейік, бұған дейін Мейрамбек Бесбаев жары Мархабаттың туған күнін кішігірім той ретінде жұлдызды достарымен бірге атап өткен болатын. Көңілді кешке бірқатар танымал тұлғалар келді.

Сонымен қатар, Бесбаев туған күні Ернар Айдардың екінші перзенті дүние есігін ашқан. Әншінің келіншегі оған тағы қыз бала сыйлаған. Бұл қуанышты хабарды қалың көпшілікке белгілі тележүргізуші Анна Данченко жеткізген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1883733-mejrambek-besbaev-44-zasyn-kalaj-karsy-aldy-foto/

pixel