Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бес жыл бойы іштім": Атышулы Байзақова халыққа жан сырын ақтарды

Опубликовано:

Айжан Байзақова
Фото: Instagram/bayzakova

Желіде ашық образдары мен ерсі әрекеттерінің арқасында танылған Айжан Байзақова ағынан жарылып, өз оқырмандарына өмірінің соңғы бес жылы туралы жан сырын ақтарды. Атышулы блогер бұл уақыт аралығында ішкі күйзелісіне төтеп бере алмай, ішімдікке салынып кеткенін жасырмады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өз өмірінің көп тұстарын жасырын ұстайтын Айжан Байзақова бұл жолы оқырмандарына барынша ашылып, ішімдік көп ішіп кеткен сәттерін есіне алды.

Атышулы арудың айтуынша, сол кезде қасындағылардың басым көпшілігіне блогер тек мас әрі көңілді күйде ұнаған. Сау кезінде ол агрессивті, талапшыл әрі кекшіл болғанын мойындады.

Байзақова ішімдікке салынып кеткен бес жылы туралы бар шындықты Instagram парақшасында айтты. Ол жаман әдеттерге әуестеніп кеткеніне не түрткі болғанын түсіндірді.

"Соңғы бес жыл бойы іштім. Мен көптеген еркектерден де көп ішіп, екі аяғыммен тік жүріп кете беретінмін. Ішкі проблемаларымды ішімдікпен жою оңай көрінді. Мен айналамдағы адамдардың қандай екенін, олардың шын мәнінде менен не қалағандарын байқамадым. Қасымда саны бар, сапасыз жоқ қажетсіз адамдар көп болды. Оларға тек қана мас әрі көңілді Айжан ұнайтын.

Мен сау кезімде өте ашушаң, талапшыл әрі агрессивтімін. Ал мас кезімде мен өте көңілді әрі ақкөңіл болып шығатынмын. Жоғарыда атап өткен адамдар сол себепті ғана қасымда жүрген. Қазір соның барлығын қарап ойласам, өзімді не үшін олай ұстағаныма жауап таба алар емеспін. Солардың ойынан шығу үшін сондай әрекетке барғаныма жыным келеді. Демек, мен оларға көңіл көтеретін клоун болғаным ғой.

Жоқ. Қазір маған жалғыздық ұнайды. Алайда, кезінде мен ол дұрыс емес деп ойлап келдім. Сол себепті, өзімді халық арасына күштеп шығарып, көпшілікке төзу үшін ішімдік ішетінмін. Мен өзімнің психологиялық проблемаларымды өзім әрі сау күйде шешуім керек. Бірақ, бұл мәңгіге деп айтып тұрғаным жоқ. Бұл өмір. Ертең не боларын білмейміз. Бізді мүлдем басқа адам ететін заттардың барлығы жақсылыққа апармайды. Мен жаман әдеттерсіз-ақ көңіл көтеруге үйренетін боламын. Бұл бастамамда мені қалай бармын солай қабылдайтын әрі осы қалпыммен жақсы көретін адамдардың қолдауы мен көмегіне сенемін. Мен ішімдік ішетіндерді сынамаймын. Себебі, көбісі оған психологиялық проблемасы салдарынан жүгінеді" , - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1883740-bes-zyl-bojy-istim-atysuly-bajzakova-halykka-zan-syryn-aktardy/

pixel