RU

"Халық алғысын" алған Әлішер Кәрімов елордаға көшіп кетті (видео)

Әлішер Кәрімов жаңа пәтерінде
Видеодан кадр: Instagram/alisher_k

Отандық танымал әнші Әлішер Кәрімов "Халық алғысы" ерекше марапатына ие болып, Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына көшіп кетті. Өнер иесі елордаға қоныс аударып барша жанкүйерлерін таңғалдырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әлішер Кәрімов Instagram желісінде біраз уақыт бойы басқа қалаға көшуге дайындалып жатқанын айтып, өз оқырмандарын қызықтырған болатын. Ол жаңа пәтердегі жөндеу жұмыстары аяқталған бойда сол жаққа қоныс аударатынынан да хабардар еткен.

Алайда, өнер иесі соңына дейін қай қаладан баспаналы болайын деп жатқанын айтпады. Кейін жаңа үйіне көшіп келген соң, әнші бірден пәтерінің ішін жанкүйерлеріне көрсетіп шықты. Белгілі болғандай эстрада жұлдызы Нұр-Сұлтан қаласына қоныс аударған.

"Бұл күн де келіп жетті. Мен Нұр-Нұрсұлтан қаласына көшіп келдім. Бұл жердің ауасы да таза, адамдары да көрікті екен. Оған қоса, менің пәтерім өте қолайлы." , - деп жазды Әлішер Кәрімов.

Елордаға көше сала әнші мемлекет басшысынан ерекше марапат алды. Кәрімовке "Халық алғысы" медалі тарту етілген. Бұл туралы да шоу-бизнес өкілі өзінің жеке парақшасында хабарлады, Ол арнайы видео түсіріп, алған марапатын қалың көпшілікке көрсетті.

Еске сала кетейік, бұған дейін "Халық алғысына" отандық жас әнші Индира Еділбаева да ие болған. Ол "Украина дауысы" музыкалық жобасына қатысып, финалға дейін жетті. Қазақ қызының ән айту шеберлігі көпшілікке ұнап, тартысты додадан кейін оның танымалдылығы арта түсті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1883851-halyk-algysyn-algan-liser-krimov-elordaga-ksip-ketti-video/