RU

"Мақтанышым": Түсіпбаеваның бейтаныс қызбен түскен суреті елді қызықтырды

Меруерт Түсіпбаева қызы баламен
Фото: Instagram/meruert_tusupbaeva

Қазақ эстрадасының жұлдызы Меруерт Түсіпбаева кішкентай қызбен түскен фотосын жариялап, елдің қызу талқысына қалды. Өнер иесі құшақтап тұрған жасөспірімді көпшілікке өзінің қызы ретінде таныстырып, халықты таңғалдарды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Меруерт Түсіпбаева бейтаныс қызбен түскен суретін Instagram парақшасында бөліскен. Өнер иесі қасындағы жасөспірімді "қызым" деп атап, ел арасында түрлі ой-пікір тудырды.

Қалың көпшілік бірден эстрада жұлдызына бұған дейін көрсетпеген қыз балаға қатысты сұрақтарды жаудырды.

Белгілі әнші өз жазбасында "қызы" туралы аздаған мәлімет беріп өтті. Анықталғандай, фотодағы оқушының аты Ақнұр. Ол қазақ-түрік лицейінде білім алады.

"Қызым Ақнұр бірінші тоқсанды ойдағыдай аяқтады. Өзімдікіндей киім әпердім. Балаларды жігерлендірейік. Біздің балалар осындай, мақтанышым" , - деп жазды Түсіпбаева.

Желі қолданушылары шоу-бизнес жұлдызының тек бір ұлы бар екенінен ғана хабардар екенін жазды. Олар Түсіпбаеваның жалғыз перзенті ғана бар деп есептейді. Көпшілік фотодағы қыз оның туысқаны болып шығуы мүмкін екенін алға тартты.

"Керемет, Меруерт ханым, сіздің қызыңыз бар ма еді? Мен тек ұлыңыз бар деп ойлайтынмын. Қызыңыз сұп-сұлу екен" , "Мен тек ұлыңызды бар десем,әдемі қызыңыз да бар екен! Керемет! Бақытты болсын, қызғалдағыңыз" , "Сізде қыз жоқ еді ғой" , "Мамасы да, қызы да өте көрікті", "Қызыңыз бар екенін айтқан жоқсыз ғой" , - деп жазуда желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1883856-maktanysym-meruert-tsipbaevany-kyzy-bar-ekeni-ras-pa-foto/