Динара Сәтжан көпшілікке купальниктегі мінсіз мүсінін көрсетті (видео)

Опубликовано:

Динара Сәтжан демалыста
Фото: Instagram/dinarasatzhan

Қазақстандық танымал тележүргізуші Динара Сәтжан желіде Дубайда өтіп жатқан демалысы мен суреттерін бөлісіп, өзінің талдырмаш мүсінін көрсетті. Ақпарат өкілі купальникпен түскен видеосын жариялап, ер азаматтарды еcтен тандырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Динара Сәтжан коронавирус пандемиясына қарамастан балаларымен бірге Біріккен Араб Әмірліктеріне аттанып, керемет демалыс өткізуде.

Тележүргізуші Дубайдағы күндерінен үзінділерді Instagram парақшасында жариялап, барша оқырмандарымен бөлісіп жүр.

Белгілі дизайнер желі қолданушыларын соңғы уақытта өзінің асқан белсенділігімен ғана емес, батыл жазбаларымен де таңғалдырған. Бұл жолы ол купальникпен суға түскен видеосын ел назарына ұсынып, ерлер қауымын өзіне қаратты.

Әдетте, барынша жабық әрі классикамен жүретін Динара Сәтжан суға жүзетін киімде мінсіз мүсінін көрсетті. Тележүргізушінің аталмыш видеосы бірден көпшілік арасында қызу талқыланып, түрлі пікірлерге ие болды.

38 жастағы ақпарат өкілінің талдырмаш мүсініне азаматтармен қатар, қыз-келіншектер де тәнті болды. Олар екі баланы дүниеге әкелген әйелдің дене сымбатын жақсы сақтап қалғанын жарыса жазуда.

Айта кетейік, бұған дейін белгілі тележүргізуші Аша Матай да жаңа батыл образымен көпшілікті таңғалдырған болатын. Ол іші ашық әрі денесіне жабысып тұратын киіммен түскен фотосессиясын жариялап, елден оңбай сөз естіді.

Оған қоса, Динара Сәтжан жақында ғана бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың мәселесіне қатысты пікір білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1883934-dinara-stzan-kupalniktegi-minsiz-msinin-pas-etti-video/