Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аяғы ауыр жарын еркелеткен Тәуекел Мүсілім елді сүйсіндірді (видео)

Опубликовано:

Тәуекел Мүсілім жарымен
Фото: Видеодан кадр

Отандық шоу-бизнес жұлдызы Тәуекел Мүсілім мен оның жары Махаббат желідегі оқырмандарын қуантты. Жас жұбайлар ерекше сәттерін видеоға түсіріп, онымен барша жанкүйерлерімен бөліскен. Жақында ата-ана атанатын жұлдызды жұптың махаббатқа толы бейнежазбасы елді сүйсіндірген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тәуекел мен Махаббат Мүсілім классика стилінде ерекше ортақ фотосессия жасаған. Жас жұбайлар Instagram парақшаларында түсірілім нәтижелерімен ғана емес, сондай-ақ кадр сыртындағы өздерінің жылы видеосымен де бөліскен.

Бейнежазбада актер мен оның келіншегінің серуендеп келе жатқанын көруге болады. Жақында балалы болатын жұп қазіргі уақытта бақытты күндерін өткізіп жатқан көрінеді. Оны желідегілер видеодан да байқаған. Ерлі-зайыптылар бейнежазбаның басынан аяғына дейін күліп, қуанышты екендерін өздері-ақ білдірткен.

Тәуекел мен Махаббаттың ерекше сәтінің видеосы Instagram желісіндегі juldyzdar_news парақшасында жариялаған. Бейнежазба елді сүйсіндіріп, бірден халықтың ыстық ықыласына ие болды.

"Керемет жұп. Бақытты болыңыздар" , "Тәп-тәттісіздер. Сіздерден жақсы ата-ана шығады" , "Көз тимесін" , "Қазақ елінде осындай жарасымды жұптар көбейе берсін" , "Тәуекел Махаббат екеуің бір-біріңе сай қосылғансыңдар. Ұзақ әрі бақытты ғұмыр кешіңдер" , "Менің сүйікті жұбым, неткен әдемі едіңдер" , "Махаббат керемет ана болады" , - деп жазуда көпшілік.

Еске сала кетейік, Тәуекел мен Махаббаттың некелескеніне жақында бір жыл толды. Жұлдызды жұп отбасының атаулы күнімен бір-бірін құттықтап, оны арнайы атап өткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1884101-aagy-auyr-zaryn-erkeletken-tuekel-msilim-eldi-sjsindirdi-video/

pixel