Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жұғысты болсын": Луинаның ұлын құшақтап түскен Исабекова елді тәнті етті (фото)

Опубликовано:

Мақпал Исабекова мен Луинаның ұлы
Фото: Instagram/makosyai

Отандық эстрада жұлдызы Мақпал Исабекова желіде өнердегі құрбысы Луинаның ұлымен түскен суретін жариялап, елден оңбай сөз естіді. Кішкентай сәбиге сүйсінгендермен қатар, пікір білдірушілер арасында өнер иесіне тездетіп тұрмысқа шығуын талап еткендер де көп болды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мақпал Исабекова өзінің жақын құрбысы Луинаның ұлымен түскен фотосын Instagram парақшасына жүктеп қойған. Давидты құшақтап тұрған әнші барша делі қолданушыларын тәнті етіп, халықтың сансыз жылы лебіздеріне ие болды.

Алайда, балақайға сүйсінген көпшілікпен қатар, шоу-бизнес жұлдызын әлі тұрмысқа шықпай жүргені үшін сынға алғандар да кездесті. Олар әншіге өзге біреудің баласын баққанша, тезірек өзіне де сәбилі болу керектігінт айтты.

"Жұғысты болсын. Сондай сүйкімдісіңдер" , "Көз тимесін, қандай тәтті бала" , "Екеуіңнен көз ала алмай тұрмын" , "Мақпал балаларды сондай жақсы көресің. Қашан өзің балалы болады екенсің" , "Сізге ана болған жарасады. Керемет ана боларыңыз анық", "Сіз де ана болғанды аңсайтын шығарсыз" , "Жүре бересіз ба осылай? Біреудің балаларына тамсанып? Тұрмысқа шығып, өзіңіз де ана бақытын сезнсеңізші" , "Көп жүріп қалмай, тездетіп отбасын құрыңыз. Алдымен жар, сосын ана атаныңыз" , "Таңдап жүріп қаласыз. Тезірек тұрмысқа шығыңыз" , - деп жазуда желі қолданушылары.

Айта кетейік, жақында әнші Луина ұлымен түскен отбасылық суретті жариялап, алғаш рет оның түрін қалың көпшілікке көрсеті. Желідегілердің басым көпшілігі Давидтың әкесіне қарағанда, анасына көбірек ұқсайтынын жазуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1884106-zgysty-bolsyn-luinany-lyn-ksaktap-tsken-isabekova-eldi-tnti-etti-foto/

pixel