Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мазақ етті": Айтыста гитарамен ән айтқан Ғазизхан Шекербеков сынға қалды (видео)

Опубликовано:

Ғазизхан Шекербеков айтыста гитарамен ән салуда
Фото: Видеодан кадр

Қазақстандық эстрада жұлдызы Ғазизхан Шекербеков айтысқа домбыраның орнына гитарамен қатысқаны үшін желіде елден оңбай сөз естіді. Көпшіліктің пікірінше, белгілі әнші бұл әрекетімен қазақтың төл өнерін мазақ еткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айтыста ерекшеленбек болған Ғазизхан Шекербеков әнін домбырамен емес, гитарамен айтып шыққан. Эстрада жұлдызының өнер көрсеткен сәтінің видеосы Instagram желісіндегі qaz.stars парақшасында жарияланған.

Бейнежазбадан әншінің көпшілік алдында гитарамен өлең орындап жатқанын көруге болады. Оның басқа музыкалық аспаппен шыққаны сол жердегі қазылар алқасын да қатты таңғалдыра түскен.

Ғазизхан Шекербековтың аталмыш видеосы бірден ғаламтор кеңістігінде тарап кетіп, желі қолданушыларының қызу талқысына қалған. Олардың пікірі екіге бөлінген. Бірі әншінің тапқырлығы мен жаңашылдығы үшін мақтаса, енді бірі оны төл өнерді мазақ етті деп сөгіп тастады.

"Мазақ деп ойлаймын. Бұл айтыс қой, мұндай тек домбырамен ғана шығады" , "Бірден оркестрмен шықпады ма" , "Айтысқа тек домбырамен шығу керек. Меніңше, бұл дұрыс емес" , "Қазір шығармайтындары жоқ. Өз басым қарсымын, айтысты бұрмалап жатыр" , "Керек емес. Айтысты да шоу етіп бітті", "Төл өнерге тиіспесе болады ғой" , "Бұл батыл қадам. Қазір 21 ғасыр жаңашылдықтың заманы. Оның бұл әрекетінде қате ештене көріп тұрғаным жоқ" , - деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, бұған дейін оқушы кейпіне енген Мадина Сәдуақасова да халықтың сынына ұшыраған болатын. Олар өнер иесін қысқа әрі жасына сай емес образы үшін сөкті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1884379-mazak-etti-ajtysta-gitaramen-n-ajtkan-gazizhan-sekerbekov-synga-kaldy-video/

pixel