Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ләйлә Сұлтанқызы пандемия кезінде Дубайға демалуға кетті (фото)

Опубликовано:

Ләйлә Сұлтанқызы Дубайда
Фото: Instagram/sultankyzy

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлемде жүріп жатқан COVID-19 пандемиясы кезінде Дубайда демалып қайтуды жөн көрген. Бұл коронавирус басталғалы ақпарат өкілінің шетелге алғаш шығуы емес. Бұған дейін ол қос ұлымен Түркияға барып келген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ләйлә Сұлтанқызы телевизия саласындағы әріптесі Динара Сәтжаннан қалыспай, оның артынан Біріккен Араб Әмірліктеріне аттанған. Белгілі тележүргізуші демалысын әдеттегідей екі ұлымен өткізіп жатыр. Олар Дубай қаласындағы қымбат қонақ үйлердің біріне тоқтаған.

Ақпарат өкілі демалысына қарамастан, Instagram желісіндегі белсенділік бәсеңдетпеуге барынша тырысуда. Ол күнделікті оқырмандарына күні қалай өтіп жатқанын айтып, Араб Әмірліктеріне саяхаттап келуге ниетті адамдармен қызықты мәліметтермен бөлісуде.

Ләйлә Сұлтанқызы коронавирус пандемиясы басталғалы шетелге осымен екінші мәрте шығып тұр. Бұған дейін тележүргіузші қос перзентімен Түркияның Анталиясында демалып қайтқан болатын. Ол түрік еліндегі күндері де қалай өткенін өзінің желідегі оқырмандарына айтып отырды.

Еске сала кетейік, белгілі дизайнер әрі тележүргізуші Динара Сәтжан да COVID-19 пандемиясына қарамастан бала-шағасымен Біріккен Араб Әмірліктеріне демалысқа аттанған болатын. Ол Дубайда купальникпен жүрген видеосымен жариялап, барша ерлер қауымын өзіне қаратты.

Сонымен қатар, күні кеше ғана ақпарат өкілі желіде қалың көпшілікке тағы да талдырмаш мүсінін паш еткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1884519-ljl-sltankyzy-pandemia-kezinde-dubajga-demaluga-ketti-foto/

pixel