Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қайратпен алғаш танысқан сәт": Жорабаева 15 жыл бұрынғы суретімен бөлісті

Опубликовано:

Гүлзира Айдарбекова, Алтынай Жорабаева мен Қайрат Нұртас
Фото: Instagram/altynaizhorabayeva

Қазақ эстрадасының жұлдызы Алтынай Жорабаева осыдан 15 жыл бұрын түсірілген суретін жариялап, елді тәнті етті. Әнші бұл аралықта қаншалықты өзгергенін KAZ.NUR.KZ материалынан біле аласыздар.

Алтынай Жорабаева Instagram парақшасында мұрағаттағы фотоларымен бөлісіп, желідегілерді бір қуантты. Шоу-бизнес жұлдызы оқырмандарына осыдан 15 жыл бұрын қандай болғанын көрсетіп, көпшіліктің ыстық ықыласына ие болды.

Белгілі болғандай, өнер иесі жариялаған суреттер оның Қайрат Нұртаспен алғаш танысқан сәтінде жасалған. Бұл ерекше естелік фотоларды Жорабаеваға хитменнің анасы Гүлзира Айдарбекованың өзі жолдаған.

Көпбалалы әнші өнердегі әпкесіне мұндай жанына ыстық мұрағат үшін алғысын айтты.

"2005 жыл. Гульзигім (еркелетіп айтамын) мынадай фото жіберіп, тамаша көңіл күймен ұйықтайын деп жатырмын Алла қаласа. Бұл Қайратпен алғаш танысқан сәт. Қазір қасым да ,өзім де қалыңдағам. Айтпақшы қазір жасым да 42 екен ғой . Ол кезде 27 жас еді. Түн тыныштығын берсін баршаңызға" , - деп әзілдесті Алтынай Жорабаева.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алтынай Жорабаеваның әйгілі түрік қасапшысы Нұсрет Гөкшемен кездескенін жазған болатынбыз. Өнер иесі Стамбұлдағы демалысы кезінде арнайы оның мейрамханасына барып, ерекше тәсілмен дайындалатын еттің дәмін татып қайтты.

Оған қоса, Айгүл Иманбаеваның ұлы әкесіз өскен балалр жөнінде фильм түсіріп, ел жүрегін елжіреткен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1885002-kajratpen-algas-tanyskan-st-zorabaeva-15-zyl-bryngy-suretimen-blisti/

pixel