Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жағымсыз иіс бар": COVID-19-бен ауырған отандық актрисаның жағдайы қалай

Опубликовано:

Динара Бақтыбаева
Фото: Instagram/dika_strai

Қазақстандық кино саласының жарық жұлдызы Динара Бақтыбаева коронавируспен ауырып шыққаннан кейін өзінен қандай өзгерістерді байқағанын айтты. Белгілі актриса иістерді дұрыс сезбей қалған. Өнер иесінің айтуынша, оған барлық заттан жағымсыз иіс шығатын секілді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Динара Бақтыбаева қауіпті індетті өткергененн кейін, қазіргі халі қандай екенімен Instagram парақшасында бөліскен. Актриса иістерді дұрыс сезбей қалғанына шағымданып, көпшіліктен көмек сұрады.

Нәтижесінде, өнер иесі мұндай жағдайға тап болған жалғыз адам емес болып шықты. Ол секілді жағымсыз иіс сезе берген қазақстандықтар бірталай екені белгілі болды.

Бақтыбаева жариялаған жазбаның астында олар қызу пікірталас тудырып, өзара кеңестерімен бөлісті.

"Covid-19 кесірінен иіс сезбей қалғанмын. Иіс сезуім бір айдан соң қалпына келді. Бірақ, біртүрлі жайттар орын алды. Күнделікті қолданылатын азық-түліктер, әтірлер, сусабындардың иісі мүлдем басқаша болып кетті. Бастапқыда емшек сүтінен болар деп ойлап қалдым. Бірақ, емізетін аналардың барлығынан сұрап шықтым. Оларда мұндай жағдай байқалмаған. Сол кезде ғана мәселе COVID-те екеніне басым жетті. Интернетті шарлап тастадым. Бұған қатысты ақпарат өте аз.
Сол себепті, сөздерден сұрауды жөн көрдім. Нәтижесінде мен жалғыз емес екенмін. Мен сияқты дұрыс иіс сезбей қалғандар баршылық екен. Көбісіне жағымсыз иіс келеді, көпшілік ет пен жұмыртқаны жеуді қойған. Не істесек болады? Қайтеміз? Ешкім білмейді. Телеграм желісінде коронавируспен ауырып шыққандардың өз каналы бар. Сол жерде ұқсас мәселесі бар адамдардың басы қосылады. Админдер ақпаратты жинап, өз статистикасын жасақтап жатыр. Сауалнамасын толтырып, топқа тіркел де маңызды ақпараттардан хабардар бол. Мүмкін жақын арада бұл қиыншылықтың да шешімі табылып қалар" , - деп жазды Бақтыбаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1885271-sasyk-iis-keledi-covid-19-ben-auyrgan-dinara-baktybaevany-kazirgi-hali-kandaj/

pixel