Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақбота Сейітмағамбеттің орамалын шешіп тастағаны рас па (видео)

Опубликовано:

Ақбота Сейітмағамбет
Фото: Видеодан кадр

Атышулы "Кешью" тобында өнер көрсетіп танылған Ақбота Сейітмағамбет желі қолданушыларын тағы да таңғалдырды.Олар барынша жабық киіне бастаған шоу-бизнес жұлдызының стилінде бірқатар өзгеріс орын алғанын байқаған. Қалың көпшілік ажырасқан соң хиджаб киіп кеткен әншіні бір айға жетпей орамалын шешіп тастағаны үшін сөкті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ақбота Сейітмағамбеттің Instagram желісінде жариялаған соңғы видеолары елдің қызу талқысына түсті. Халықтың пікірталасына өнер иесінің орамал тағу мәселесі себеп болған.

Олар тұмшаланып хиджаб киіп кеткен әншінің енді шашын орамалдың астына толығымен тықпайтын болғанын байқап, оны аяусыз сынауға кірісті. Кейбір оқырмандар шоу-бизнес жұлдызын барынша қорғаштап шығуға да тырысты. Олар әркім өмірін қалай сүретінінің өзі білетінін жазды.

"Ақыры шештің ба? Не боларын білмей, ерігіп жүргендер ғой" , "Таңғалмайтын болдық. Бүгін кисе, ертең-ақ шешіп тастайды" , "Қазір хиджаб киіп жүрген жұлдыздарды жазалау керек" , "Жалаңаштанып үйреніп қалған адам. Шыдай алмайды. Бұлай боларын бәріміз білдік" , "Оданда тіпті кимегені дұрыс еді. Мүлдем өзін түсіріп тастады" ,
"Таңертен имам, түнде Иван" , "Біреудің өмірін таразыға салмаңдар ,күнәсін арқалайсыңдар ,өзі біледі тағама ,шешеме нелерің бар" , "Әркімнің өз өмірі! әркім өзі үшін жауап береді. Орамалы шешілсе де, 5 уақыт намазы түгел шығар! Артық сөйлеп, күнә жинамайық" , - деп жазуда желідегілер.

Ақботаның Stories-тегі видеолары Instagram желісіндегі qaz.stars парақшасында жариялаған.

Еске сала кетейік, бұл мәселеге әнші Роза Әлқожа да тап болған. Ол орамалын шешіп, шашын жая бастағаны үшін елден оңбай сөз естіген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1885644-akbota-sejitmagambetti-oramalyn-sesip-tastagany-ras-pa-video/

pixel