Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Нұртас ұлының туған күнін ерекше атап өтті (видео)

Опубликовано:

Қайрат Нұртас ұлының туған күнін тойлап жатқан сәт
Фото: Видеодан кадр

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Қайрат Нұртас ұлының туған күніне орай оған тосын сый жасап, аса ерекше әрі көңілді отырыс ұйымдастырған. Ханды жаңа жасымен оның достары мен ата-анасының ет-жақындары құттықтап келген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованың кенжелері Хан алты жасқа келді. Хитмен ұлының жеке мерексіне орай оның жақын достарының басын қосып, балаларға ерекше әрі естен кетпес кеш өткізіп берді.

Жұлдызды ата-ана ұлының туған күніне үлкен жауапкершілікпен дайындалғаны көрініп түр. Ханның алты жасы тойланған мейрамхана түрлі түсті шарлармен безендіріліп, отырысқа балаларға көптеген қызықты ойын өткізетін арнайы аниматорлар шақырылған.

Мерекелік шараның қалай өткенін жұлдызды жұптың Instagram парақшаларынан көруге болады. Қайрат пен Жұлдыз кенжесінің туған күнінде түсірілген видеолармен бөліскен.

Бейнежазбада мультфильм кейіпкерлерінің кейпіне енген арулардың Ханға аса үлкен торт алып келгені көрініс тапты. Туған күн иесі ішінен тілегін айтып, шамдарды үрледі.

Жұлдызы жанұяның бақытты сәттеріне куә болған желі қолданушылары да әншінің перзентін жаңа жасымен құттықтап, оған деген ақ тілектерін жаудырған.

Халықтың ыстық ықыласына бөленген Хан да өз кезегінде оларға видео жолдап, онда жылы лебіз білдіре тілек айтқандардың барлығын алғысын жеткізген.

Айта кетейік, бұған дейін әнші Жанар Дұғалованың анасының туған күнінде қандай тосын сый жасағанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1885668-kajrat-nrtas-lyny-tugan-knin-erekse-atap-tti-video/

pixel