RU

"Талайлар армандап жүр". Бір топ қызбен отырған Нұрболат Абдуллин желіні шулатты

Нұрболат Абдуллин бір топ қызбен
Фото: Instagram/nurbullin

Отандық танымал әнші Нұрболат Абдуллин бір топ арудың ортасында отырған фотосын жариялап, желіде қызу талқыға қалды. Өнер иесі суреттің астына екі ойлы жазба қалдырып6 елді ойландырып қойды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Нұрболат Абдуллин хас сұлу бойжеткендердің ортасында жайғасып отырған фотосымен Instagram желісін шулатты. Отбасылы эстрада жұлдызының мұндай фотосы қалың көпшілікті таңғалдырып, қызу пікірталас тудырды.

Оның үстіне өнер иесі аталмыш фото астына екі ойлы жазба қалдырған.

"Талайлар армандап жүр түрмеме отыруды" , - деп жазған Нұрболат Абдуллин.

Әншінің желідегі оқырмандары оның бір топ арумен түскен суретіне қатысты түрлі пікір білдірген. Бірі шоу-бизнес өкілін мақтаншақ деп сынап жатса, енді бірі оны өзіне деген асқан сенімділігі үшін мақтап жатыр.

Кейбір желі қолданушылары отбасылы әншінің әйелі бола тұра, бұлай жазғанын дұрыс емес деп санады.

"Өзіңе тым көп аласың. Мақтаншақсың ғой", "Бұл қыздар саған қарамайды. Жерге түс" , "Түрмеңе сәлем айт. Күліп алдым ғой" , "Қатырасың, шығармайтының жоқ" , "Жамандар жақсымын деп айқайлайды" , "Осы кісінің өзіне деген сенімділігі мықты. Мақтан тұтамын. Әркімнің қолынан келе бермейді" , "Сенімділігі деген тасып тұр. Жарайсың, осы бетіңнен қайтпа" , "Келіншегі бар бола осылай жазған қате ғой" , "Әйелі қалай шыдайды екен мынадай жазбаларына" , "Жарының шыдамдылығында шек жоқ шығар - деп жазуда желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1885847-talajlar-armandap-zr-bir-top-kyzben-otyrgan-nrbolat-abdullin-zelini-sulatty/