Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мадина Сәдуақасова: Құрбыларым "қызғылт көзілдірікті" қашан шешетінімді күтіп жүр

Опубликовано:

Мадина Сәдуақасова
Фото: Instagram/sadvakasovamadina

Отандық танымал әнші Мадина Сәдуақасова сырға толы жазбаларымен әлі де бөлісуде. Жақында ғана жеке өмірі туралы бар шындықты айтқан өнер иесі отбасында туындаған жағдайды шеше алмаған көрінеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бүгінде Мадина Сәдуақасова мен жолдасының арақатынасы әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр. Әншінің жариялаған әрбір жазбасы оқырмандардың түрлі болжамдарын тудыруда.

Бұл жолы эстрада жұлдызы Instagram парақшасында раушан гүлдермен түскен фотосын жариялап, оның астында өмірге "қызғылт көзілдірік" арқылы қарау жайлы жазған.

"Негізі өмір, осындай қызғылт түсті ғой, оны тек байқап, сезіну керек. Құрбыларым көзімдегі “ розовые очки” қашан шешілетінін күтіп жүр. Не үшін?! Мен шығармашылықтың адамымын, өмірді осылай қабылдағым келеді. Дұрыс қой" , - деген жазба қалдырды өнер иесі.

Желі қолданушылары әншінің бұл пайымына қатысты өз пікірлерін білдіре кетті. Олар Сәдуақасованың құрбылары не себепті олай айтқанына қатысты ойланып қалды.

"Жұмбақтап сөйлей бермей, нақтысын, ашығын айтсаңызшы" , "Қызғылт көзілдірік деп нені меңзедіңіз?" , "Мадина өмір бір құлатады, бір жылатады. Бәріне көне білу керек" , "Мұндай жағдайда ешкімнің кеңесіне жүгінбеңіз. Жүрегіңізді тыңдаңыз" , "Айтар сырыңыз, сыртқа шығарғыңыз келіп жүрген әңгімеңіз жетерлік секілді. Бірақ, оны жариялауға бір нәрсе түрткі болып тұрғандай" , - деп жазды халық.

Айта кетейік, бұған дейін Мадина Сәдуақасова отбасында түсініксіз жағдай орын алғанын ашық мойындаған болатын. Алайда, әнші ажырасып кеткенін не растаған да, не теріске шығарған да жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1886108-madina-sduakasova-krbylarym-kyzgylt-kzildirikti-kasan-sesetinimdi-ktip-zr/

pixel