Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Екі жыл бойы күйзелісте жүрдім": Отандық режиссерді суицидке итермелеген кім

Опубликовано:

Ален Ниязбеков
Ален Ниязбеков. Фото: Видеодан кадр

Қазақстандық жас әрі талантты режиссер Ален Ниязбеков алғаш рет басынан өткен ауыр кезеңі туралы бар шындықты айтты. Өнерлі киномаман екі жыл бойы үлкен күйзелістен шыға алмай жүргені жайлы жан сырын ақтарып, соңында өзіне-өзі қол жұмсағысы келгенін мойындады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ален Ниязбековтың өмірінде орын алған түрлі ауыр жағдайлар қабаттасып, оны үлкен күйзеліске ұшыратқан. Режиссер бір сәтте дүниеден түңіліп, өмір сүргісі келмейтіндей күйге түскен.

Ол суицидке дейін барммақ болған қиын кезеңді қалай еңсергені туралы "Paparazzi" бағдарламасына берген сұхбаты барысында айтып берді.

"Адамдардың көзінен олардың қаншалықты қиналып тұрғанын көре аламын. Достарымның арасында барлығы үнемі қиындықтарымен менімен бөліседі. Мен әркез өзгелерді бірінші орынға қойып келдім. Олардың көңіл-күйлері үшін өзімді, өз уақытымды құрбан еттім. Бір кездері мүлдем режиссерлікпен айналысқым келмей кетті. Бизнеске кетемін деп ойладым. Режиссерлік мені жандыруды қойғандай сезімде болдым. Ондай күйге не себепті түскенімді қазір ғана ұғынудамын. Күйзеліс деген не? Сенде бәрі жақсы, ортаң, жұмысың, ақшаң бәрі қалпынша болып тұрады. Бірақ, сен өзіңді бақытсыз сезінесің. Ішкі жан дүниең жылайды.
Күйзеліс келсе де, жалғыз келмейді. Сондай сәттерде өзі барлығы қабаттасып кетеді екен. Өз мысалымда мен жұмыс істемей кеткендіктен қаржы тапшылығына тап болдым. Маған барлық жобалар қызықсыз көрініп, мен барлығынан бас тарттым. Мен екі жыл күйзелісте болдым. Өткен жылдың наурыз айында күйзеліс менің түбіме жетті. Күйзелістің шарықтау шегі сол уақытта болды. Ол кезде мен алғаш рет суицид туралы ойландым. Бірақ, бұл ой менің миыма келсе, демек менің миым маған дос емес екенін түсіндім. Өзімді бірден қолға алып, өмірімді 180 градусқа өзгертуге бекіндім .Басқа пәтерге көштім, таңғы уақытта ерте тұрып, жүгіре бастадым. Сол кезде жаңа тынысым ашылғандай болып, өзімді жеңіл сезіндім" , - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1886155-eki-zyl-bojy-kjzeliste-zrdim-otandyk-rezisserdi-suicidke-itermelegen-kim/

pixel