Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Арқа сүйер азаматым бар": Түсіпбаева жеке өмірі жайлы жан сырын ақтарды

Опубликовано:

Меруерт Түсіпбаева
Фото: Instagram/meruert_tusupbaeva

Қазақстандық шоу-бизнестің жарық жұлдызы Меруерт Түсіпбаева жеке өміріне қатысты бар шындықты айтты. Белгілі болғандай, бүгінде өнер иесінің жүрегі бос емес деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Меруерт Түсіпбаева махаббаты жайлы жан сырын "Paparazzi" бағдарламасына берген сұхбаты барысында ақтарды. Бүгінде бір ұлды тәрбиелеп отырған эстрада жұлдызы әйел адам ешқашан жалғыз қалмауы керек екенін алға тартты. Оның сөзінше, қыз-келіншектердің әркез арқа сүйер азаматы болғаны маңызды.

"Құдайға шүкір. Мен жалғыз емеспін. Менің арқа сүйер азаматым бар. Меніңше, әйел негізі ешқашан жалғыз болмау керек. Әйел жалғыз болса, өзіне деген сенімін жоғалтады, өзін-өзі бағалауы төмендеп кетеді. Әйелге сегізінші наурыз күні міндетті түрде сыйлық, гүлдер келу керек. Туған күніне тосын сыйлар керек. Кейде хабарласып, "алтыным қалайсың? Нұрғисаның қалы қалай?" деп сұрап тұруы керек.
Әсіресе, осы індет кезінде телефон шалатын, жағдайыңды сұрайтын ер азамат болу керек. Мен разымын. Менің тағдырымда ондай адам бар. Егер ондай адам болмаған жағдайда, мен осылай жайнап жүрмес едім. Менің сүйіктім маған әр уақытта жаңа телефон сыйлайды. Қазіргі кезде жалғыз емеспін. Бірақ, кейін өмірім қалай жалғасатынын білмеймін. Мүмкін мен сияқты адамға біреудің жары болу өте қиын шығар" , - деді Түсіпбаева.

Айта кетейік, бұған дейін Меруерт Түсіпбаева бейтаныс біреулер өзін тыржалаңаш фотомен бопсаламақ болғанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1886356-arka-sjer-azamatym-bar-tsipbaeva-zeke-miri-zajly-zan-syryn-aktardy/

pixel