RU

Дәурен Айдарқұлов: Жақсы көрер адамым қасымда жоқ

Дәурен Айдарқұлов
Дәурен Айдарқұлов. Фото: Instagram/daurenaidarkulov

Отандық танымал актер әрі әзілкеш Дәурен Айдарқұлов желіде әсерлі жазба жариялап, барша оқырмандарынан көмек сұрады. Өнер иесі олардан өзінің үшінші мәрте үйленуіне қатысты пікірін білгісі келді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дәурен Айдарқұлов Instagram желісінде белсенділік танытып, екі ойлы жазбалармен жұртшылықты одан бетер қызықтырып жүр. Екінші рет ажырасып кеткен соң, өмірі қызу талқыға түскен актер бұл жолы аса әсерлі өлең жолдарымен бөлісті.

"Жақсы ойлар әрине көп, бірақта, басымда жоқ. Жақсы көрер адамым қасымда жоқ. Бәрін де мен жақсы көрер едім, Лайықты оған менің жасым да жоқ" , - деп жазды Айдарқұлов.

Оған қоса, белгілі әзілкеш өз оқырмандарының ойын білмек болып, оларға аса маңызды сауал жолдады. Өнер иесі қалың көпшіліктен өзінің үшінші мәрте отбасын құруына қатысты қандай пікірде екенін сұрады.

Желі қолданушыларының бұл сұраққа қатысты жауаптары әр түрлі болды. Бірі Айдарқұловты толығымен қолдап, оған тағы да үйлену керектігін айтқан. Ал өзге оықрмандар болса, керісінше оның бұл ойына қарсы шығып, актерді сынның астына алды.

Айта кетейік, бұған дейін Дәурен Айдарқұлов пен актриса Бибігүл Ақтанның бірге түскен фотосы желіні шулатып, қос жұлдызға қатысты желіде түрлі қауесеттер тарап кетті.

Желідегілер қос өнер иесін өзара қосып, оларға баянды бақыт тілеп жатты. Алайда, Айдарқұлов та, Бибігүл Ақтан да қарым-қатынастарын не растаған да, не жоққа шығарған да жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1886383-duren-ajdarklov-zaksy-krer-adamym-kasymda-zok/