Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұлдыз Әбдікәрімова "Әлем ханымы-2020" байқауында ел намысын қорғамақ

Опубликовано:

Жұлдыз Әбдікәрімова
Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Отандық танымал әнші Қайрат Нұртастың жары Қазақстан атынан "Әлем ханымы-2020" байқауына қатысады. Бұл туралы Жұлдыз Әбдікәрімованың өзі хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қайрат Нұртастың келіншегі әлемдік сұлулық байқауында ел намысын қорғайтынын Instagram парақшасында жария еткен. Әбдікәрімова бұл жаңалықты біраз уақыт бойы құпия сақтағанын айтты.

"Құпияны ашатын уақыт келді. Биыл “Әлем Ханымы-2020” - “Миссис Вселенная” байқауында Қазақстанды таныстырамын. Бұл сыртқы сұлулықтың ғана емес, ішкі құндылық пен ақылдың әдемі үйлесім тауып, нәзік әлемді айшықтай түсетін байқау. Басты мақсаты - әлемнің әр түкпіріндегі әйелді қолдау. Пандемия салдарынан биыл байқау онлайн өтеді.
Сондықтан 1-24 желтоқсан аралығында сайтта дауыс беру жүреді. Ел абыройы үшін бәріміз бірігіп жеңіске қадам жасайық. Қазақ қыздары мен әйелдерінің табиғи сұлулығын әлемге мойындатайық. Сондай-ақ, мен Қазақстанның ғана емес Орта Азияның намысын қорғаймын. Құрметті менің Қырғызстандағы, Өзбекстандағы, жалпы Орта Азиядағы оқырмандарым маған сіздердің де қолдауларыңыз ауадай қажет. Шынайы пейілдеріңіздің осы посттың астына “Қолдаймын” деп жазу арқылы көрсете аласыздар. Қанша екенімізді көрейік" , - деп жазды Әбдікәрімова.

Желі қолданушылары Қайрат Нұртастың әйеліне қолдау көрсетіп, алдағы байқауда жеңіс тіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1887185-zldyz-bdikrimova-lem-hanymy-2020-bajkauynda-el-namysyn-korgamak/

pixel