Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Барлығы үшін рахмет": Ләйлә Сұлтанқызы жолдасын туған күнімен құттықтады

Опубликовано:

Ләйлә Сұлтанқызы жолдасымен
Фото: Instagram/sultankyzy

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы желіде жолдасын туған күнімен құттықтап, оған өзінің жүрекжарды жазбасын арнады. Ақпарат өкілінің күйеуі 55 жасқа толды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жеке өмірі жайлы көп айта бермейтін Ләйлә Сұлтанқызы бұл жолы оқырмандарын аса қатты таңғалдырды. Белгілі тележүргізуші Instagram парақшасында күйеуін жаңа жасымен құттықтап, онымен бірге түскен ерекше фотомен бөлісті.

Ақпарат өкілі отағасына алғысын жаудырып, желіде оның туған күніне орай жариялаған жазбасын ел назарына ұсынды.

"Кішкентайымда ес білгенше пештің түбінде отырғанды жақсы көрген екем. Оның себебін бертін келе аға-әпкемнің әңгімесінен бір-ақ білдім. Желді желтоқсанның басы. Қақаған қыстың аязы. Анам толғатып бастағанда әкем отын алып келуге шыққан екен. Содан, жылы болсын деп дәл пештің түбінде Шерәлінің кенжесі дүниеге келеді. Арада 55 жыл өтсе де, кейде сол пешті әлі де аңсап тұрам. Қош келдің, ел ағасы мен ер аға жасы – 55!
Бұл менің күйеуімнің бүгін желіге жазғаны. Бүгін төл мерекесі, туған күні. Құттықтаймын! Құдайдан тек амандығыңды тілеймін. Рахмет, рахмет, рахмет барлығы үшін" , - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

Желі қолданушылары тележүргізушінің жолдасына арнаған құттықтауына тәнті болып, туған күн иесін жарыса құттықтады. Олар желіде өз ақ тілектерін жаудырған.

Еске сала кетейік, белгілі тележүргізуші Гүлмира Дайрабаеваның ұлы туған күніне орай оған естен кетпес сыйлық жасағанын жазған болатынбыз. Блогерлікті қолға алған Артур Асқарұлы анасын шетелге демалысқа жіберген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1887368-barlygy-sin-rahmet-ljl-sltankyzy-zoldasyn-tugan-knimen-kttyktady/

pixel