Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үлкен сұранысқа ие болған "Ход королевы" сериалындағы ару шынайы өмірде кім (фото)

Опубликовано:

Аня
Фото: 4tololo.ru

Бүгінгі таңда ерекше танымалдыққа ие болған "Ход королевы" телехикаясының кейіпкері Аня Тейлор-Джой туралы бірқатар қызықты ақпаратты 4tololo.ru сайты назарға ұсынды.

Аня Тейлор-Джой үлкен экрандарға шыға салысымен, көрермендер оның ерекше келбетіне таңданыстарын жасырмай келеді.

Аня
Фото: 4tololo.ru

Жақында, 24 жастағы актриса "Ход королевы" атты телехикаяда шахмат шебері Бет Хармонның рөлін ойнап, тағы да жұрт назарын өзіне аударған еді.

Аня
Фото: 4tololo.ru

The Sun басылымына сұхбат берген ару "өзін ешқашан сұлу деп санамайтынын" айтып, ағынан жарылған. Ол өзінің "тым оғаш көрінетінін" және "фильмдерге түсуге лайық болатындай сұлулығы жоқтығын" алға тартыпты.

Аня
Фото: 4tololo.ru
"Мен ешқашан өзімді әдемі деп санаған емеспін, санай да алмаймын. Жігітім бұл сөздерімнен кейін мені ақымақ көреді", - дейді ол.
Аня
Фото: 4tololo.ru

Десе де Аня Тейлор-Джойдың табынушулары да, бойжеткеннің сүйіктісі танымал фотограф Бен Сид те арудың бұл сөздеріне келісе қоймайды.

Аня
Фото: 4tololo.ru

Ерекше келбетке ие актрисаны модельдерді іздеуші Сара Дукас Лондондағы Harrods сауда орталығының маңынан алғаш рет байқап, оны көпшілік назарына ұсынады.

Сара сол кезде 16 жаста болған Аня мен Storm модельдік агенттігі арасындағы келісімшартқа қол жеткізіп, бойжеткен актерлік әлемге аяқ басады.

Аня
Фото: 4tololo.ru

Америкалық-аргентиналық-британиялық актриса өзін әрдайым қай ұлтқа жатқызарын білмей келгенін де сұхбатында сөз еткен. Оқушы кезінде ол құрдастарының мазағына тап болып келген екен.

Аня
Фото: 4tololo.ru
"Олар менің оғаш келбетімді қабылдамады. Мектептің шкафтарына қамап қоятын", - дейді ол.

Жалғызсыраған ару мектеп дәретханасында жиі жасырынып, жылап алатын кездері болғанын да жасырмады.

Аня
Фото: 4tololo.ru

Еске салсақ, бұған дейін америкалық танымал журнал 2020 жылдың ең сымбатты жігітін атағанын жазған едік.

Одан бөлек, әлемдегі ең сұлу стюардесса туралы жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1887592-erekse-sranyska-ie-bolgan-hod-korolevy-telehikaasyndagy-aru-synajy-mirde-kim-foto/

pixel