jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Не істерімді білмеймін": Джей Ло COVID-19 кесірінен тойын екі рет кейінге шегерген

    Дженнифер Лопес сүйіктісімен
    Фото: Instagram/jlo

    Әлемге әйгілі әнші Дженнифер Лопес бұрынғы бейсболшы Алекс Родригеспен жоспарлап қойған үйлену тойын екі рет кейінге шегеріп тастады. Думанды шараның уақытылы өтуіне коронавирус пандемиясы себеп болып отыр.

    Бұл туралы өнер иесінің өзі Access Hollywood басылымына берген сұхбаты барысында айтып берген.

    Дженнифер Лопестің сөзінше, олар екі ауқымды салтанатты шараны жоспарлап қойған. Алайда, қос ғашық әлемде орын алып жатқан пандемия кесірінен оларды белгісіз мерзімге кейінге қалдыруға мәжбүр болған.

    "Біріншісін кейінге қалдырдық. Екіншісін де өткізбейтін болдық. Енді не істейтінімізді білмеймін", - деді әлемдік шоу-бизнес жұлдызы.

    Дженнифер Лопес енді тіптен үйлену тойы қандай болатынын да нақты айта алмайтынын жеткізді. Олар некелесуін аса ауқымды немесе барынша қарапайым үлгіде өткізуге қатысты ойланып жүр.

    Әнші бір жағынан салтанатты шараны қазір жоспарлаудың қажеті жоқ екеніне қуанып жүр. Ол өзінің бар уақытын сүйіктісіне арнап жатқанына бақытты.

    Бастапқыда жұлдызды жұп үйлену тойын Италияда жаз айларында өткізбек болды.

    Айта кетейік, Алек Родригес ғашығына 2019 жылы үйленуге ұсыныс жасаған болатын. Қос ғашықтың кездесіп жүргеніне осымен төрт жыл болды.

    Еске сала кетейік, бұған дейін "А’Студио" әншісі Кети Топурия екінші рет тұрмысқа шыққанын хабарлаған болатынбыз. Оның таңдауы белгілі бизнесмен Лев Деньговқа түскен. Өнер иесі ғашығынан сәби күтіп жүр.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.