Қазақстандық режиссердің "Ұлы дала зары" фильмі "Оскар" сыйлығына ұсынылды
Жарияланған күні:
Қазақстандық режиссер Марина Кунарованың "Ұлы дала зары" фильмі" "Оскар" жүлдесіне ұсынылды деп хабарлайды "Бродвей" порталы.
Басылымның жазуынша, кино әлеміндегі басты жүлдеге қазақстандық фильм "Шет тіліндегі үздік фильм" номинациясы бойынша ұсынылып отыр.
"Ұлы дала зары" - 1920-1930 жылдары ашаршылық кезінде Қазақстан халқының басынан өткерген шынайы тарихи оқиғаларға негізделген фильм.
Халықтың көп бөлігі аштықтан қайтыс болып, ал тірі қалғандары басқа елдерге қашуға мәжбүр болған ауыр кезеңді сипаттайтын фильмнің премьерасы осы жылдың 7-9 қараша аралығында Лос-Анджелестегі Халықаралық Азия кинофестивалінде өткен.
Режиссер әрі сценарий авторы - "Охота за призраком" және "999" сияқты фильмдерді жарыққа шығарған Марина Кунарова.
Фильмнің продюсері - Ернар Маликов. Ол өзінің мүлкін түгелдей дерлік сатып, бұл жобаға ақша құйғаны белгілі болды.
Ашаршылық туралы фильм түсіру идеясы оларға бес жыл бұрын келген екен. Ұзақ уақыт бойы фильм ұжымы мұрағаттарды, сондай-ақ сол жылдардағы жазбалар мен әдебиеттерді зерттеген. Картинаның сценарийі бірнеше рет қайта жазылған.
Кунарованың айтуынша, фильм тарихи фактілерге негізделген және оның мақсаты ұзақ жылдар бойы айтылмай келген қазақ халқының өткені туралы баяндау.
Айта кетейік, "Шет тіліндегі үздік фильм" номинациясына фильмдерді әр ел өзі ұсынады, содан кейін академиктер олардың арасынан номинанттарды таңдайды.
Еске сала кетейік, бұған дейін өзбекстандық кинорежиссердің "Фариданың екі мың әні" атты фильмі "Оскар" сыйлығына "Ең үздік шетелдік көркем фильм" номинациясы бойынша ұсынылғанын хабарлаған едік.
2020 жылы "Ең үздік шетелдік көркем фильм" номинациясын да және "Жылдың ең үздік фильмі" атағын да оңтүстік кореялық режиссердің "Паразиты" фильмі жеңіп алған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1887789-kazakstandyk-rezisserdi-ly-dala-zary-filmi-oskar-syjlygyna-synyldy/