Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Индира Еділбаева енді әйгілі Дан Баланның қоластында өнер көрсетеді

Опубликовано:

Индира Еділбаева мен Дан Балан
Фото: Instagram/indi_edilbayeva

Отандық танымал әнші Индира Еділбаева ресми түрде " Monarda Studios " лейблінің әртісі атанды. Аталмыш шығармашылық орталық әйгілі Дан Баланға тиесілі болып шықты. Енді қазақстандық ару "Украина дауысы" жобасында өзіне жетекшілік еткен жұлдыздың қоластында өнер көрсетеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл қуанышты жаңалықпен Индира Еділбаеваның өзі Instagram парақшасында бөліскен. Ол жақында Дан Баланмен бір сахнада ән салған сәтінен видео мен фотоларды жариялап, өз жетекшісінің лэйбліне қабылданғанын жария етті.

Сонымен қатар, алдағы уақытта Индира Еділбаева мен Дан Баланның ортақ әні жарыққа шығатыны белгілі болды.

"Сіздермен өте керемет жаңалығыммен бөліскім келіп тұр. Бұдан былай мен Дан Баланның "Monarda Studios" лэйблінің әртісімін" , - деп жазды Индира Еділбаева.

Айта кетейік, Индира Еділбаева әйгілі "Украина дауысы" музыкалық додасына қатысып, ән айту шеберлігімен көпшілікті таңдай қақатырған еді. Қазақстандық әнші жобада танымал әлемдік жұлдыз Дан Баланның тобында өнер көрсетті. Ұстазы екеуінің достығы жобадан кейін де жалғасын тапқан.

Оған қоса, Еділбаева Украинадағы музыкалық жобадан елге оралған соң, "Халық алғысы" жүлдесіне ие болды.

Еділбаеваға ерекше төсбелгіні табыстау салтанатты түрде өтті. Өнер саңлақтары үлкен жиында жас әншіні құттықтап, оған өз ақ батасын берген. Талантты аруға "Халық алғысы" медалін Алтынбек Қоразбаев таққан.

Сонымен қатар, Индира Еділбаеваның есімі соңғы уақытта желіде қызу талқылануда. Желі қолданушылары жас әнші белгілі вайнер Артур Асқарұлымен кездесіп жүргенін болжап жазуда. Мұндай қауесеттерге жастардың үнемі бірге жүруі мен ортақ демалыстары себеп болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1887827-indira-edilbaeva-endi-jgili-dan-balanny-kol-astynda-ner-krsetedi/

pixel