Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Скриптонит Ресейдегі танымал жұлдыздардың рейтингісінде көш бастады

Опубликовано:

Скриптонит
Фото: YouTube / ТО «Gazgolder»

Apple Music сервис қолданушыларының қызығушылығын негізге ала отырып, Ресейде аса танымал әртістер мен әндердің рейтингісін жасап шығарды.

Ресей федерациясында аса танымал әртістер арасында қазақстандық әнші Скриптонит шықты. 2019 жылдың соңында ол "2004" деп аталатын льбом шығарды. Оны бастапқыда бір ай бойы тек қана Apple Music платформасында тыңдауға мүмкіндік болатын.

Ресейдегі танымал жұлдыздардың рейтингісі the-flow.ru сайтында жарияланды.

Apple Music рейтингісі бойынша үздік әртістердің ондығын назарларыңызға ұсынамыз:

1. Скриптонит

2. Morgenshtern

3. Zivert

4. Jony

5. Artik & Asti

6. HammAli & Navai

7. Макс Корж

8. Егор Крид

9. Баста

10. Элджей.

Отандасымыз бүгінде күн сайын өлең шығарып, танымалдылығын арттырып жатқан Моргенштернді де басып озған.

Осы жылдың аса көп тыңдалған әні Jony орындауындағы "Комета" туындысы болып шықты.

1. Jony "Комета"

2. NILETTO "Любимка"

3. The Weeknd "Blinding Lights"

4. GAYAZOV$ BROTHER$ "Увезите меня на Дип-хаус"

5. Zivert "Credo"

6. Morgenshtern & Элджей "Cadillac"

7. Tones And I "Dance Monkey"

8. Artik & Asti "Девочка танцуй"

9. The Limba & Andro "X.O"

10. HammAli & Navai "Прятки".

Сонымен қатар, Shazam сервисі бойынша ең көп ізделген әндердің үздік ондығы да ұсынылды.

Бірінші орынға Tones And I шырқайтын "Dance Monkey" әні жайғасты. Бұл рейтингте Қазақстанның тағы да бір таланты бой көрсетті. Ақсулық Иманбек Зейкеновтың SAINt JHN-ның "Roses" әніне жазған ремиксі бұл тізімде төртінші болып тұр.

1. Tones And I "Dance Monkey"

2. Intelligency "August"

3. The Weeknd "Blinding Lights"

4. SAINt JHN "Roses (Imanbek Remix)"

5. Carla Morrison "Disfruto (Audioiko Remix)"

6. NILETTO "Любимка"

7. Trevor Daniel "Falling"

8. Bastard! "F.k That"

9. Hafex "Intihask"

10. Dabro "Юность".

Еске сала кетейік, Иманбек Зейкенов жақында ғана әйгілі "Грэмми" марапатына ұсынылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1887846-skriptonit-resejdegi-tanymal-zldyzdardy-rejtingisinde-ks-bastady/

pixel