Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отарғалиевтің үйленгеніне ерекше қуанған анасы ел жүрегін елжіретті

Опубликовано:

Жахан анасымен
Фото: Видеодан кадр

Отандық танымал актер әрі әзілкеш Жахан Отарғалиев анасына берген уәдесінде тұрып, осы жылдан қалмай үйіне келін түсірді. Бұл күнді бәрінен де асыға күткен өнер иесінің анасы қуаныштан көзіне жас алып, ел жүрегін елжіретті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қарым-қатынастарын жасырып келген Жахан Отарғалиев пен Балжан Бидаш өткен аптада некелерін қидырып, дүйім жұртты таңғалдырған болатын. Жұлдызды жұп әлеуметтік желіде әлі де қызу талқыда.

Instagram кеңістігінде әнші арудың ұзатуындағы видеолар тарап кетті. Онда қос ғашықтың той кезіндегі қызықтары көрініс тапқан. Оның үстіне аталмыш бейнежазбалардың барлығында дерлік Отарғалиевтың анасының жылап жүргенін көруге болады.

Ұлының шаңырақ көтергеніне қатты қуанған ана көз жасын тыя алмай, келінді болып жатқанына сене алмаған. Актер мен анасының аса әсерлі сәттері ел жүрегін елжіретіп, халықтың ыстық ықыласына ие болды.

Желі қолданушылары баласының бақытына шынайы қуанған анаға жылы лебіздерін білдіріп, шаңырақ көтерген жас жұбайларды жарыса құттықтауда.

Айта кетерлігі, Жахан Отарғалиев осыған дейін бір рет отбасын құрып, кейін ажырасып кеткен. Өнер иесі сәтсіз некесінен кейін ұзақ уақыт бойы бойдақ болып жүріп қалды.

Ұлының әлі жалғыз жүруіне бірінші кезекте оның анасы қатты алаңдаса керек. Ол баласына тезірек отау құруын әркез айтып келген. Нәтижесінде, әзілкеш анасына осы жылдан қалмай үйленуге сөз беріп, уәдесін орындады.

Ал Балжан Бидаш болса, өткен жылы өзге азаматтың үйленуге жасаған ұсынысын қабылдап, тойға дайындалып жүрген еді. Алайда, жастардың көңілі жараспай, ақыр-соңы олар отау құрмауға шешім қабылдаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1888081-otargalievty-jlengenine-erekse-kuangan-anasy-el-zregin-elziretti-video/

pixel