Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мұхтар Ниязов үшінші рет "Алтын домбыраны" иеленді

Опубликовано:

Фото
Фото: Түркістан басылымы

Елордада мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастырумен "Абай тағылымы – Тәуелсіздіктің тірегі" атты республикалық ақындар айтысы мәресіне жетті. Сайыс қорытындысы бойынша, "Алтын домбыраны" жеңіп алған ақынның есімі белгілі болды деп хабарлайды Түркістан басылымы.

Басылым мәліметінше, қазылар алқасының шешіміне сәйкес, 3-4 қараша күндері айтыстың іріктеу кезеңіне қатысқан 10 жұптың, төртеуі яғни сегіз ақын жартылай финалға өткен.

Айтыстың ақтық мәресіне халықаралық және республикалық айтыстардың жеңімпаздары, "Алтын домбыра" иегерлері Мұхтар Ниязов, Серік Қуанған, Еркебұлан Қайназар, Жансая Мусина, Мейірбек Сұлтанхан, Қазырет Бердіхан, Бекарыс Шойбеков, Айбек Қалиевтің қатысқан.

Жыр сайысында бас жүлдеге сыр сүлейі Мұхтар Ниязов ие болған. Осылайша, ақын үшінші рет "Алтын домбыраны" жеңіп алып отыр.

Ал бірінші орынды Бекарыс Шойбеков алып, "Айтыстың ақтаңгері" төсбелгісімен марапатталды.

Екінші орын Еркебұлан Қайназаровқа бұйырса, үздік үшікті Серік Қуанған қорытындылаған.

Айта кетейік, карантинге байланысты республикалық айтыс түсірілімі көрермендерсіз өтті.

Еске сала кетсек, әнші Ғазизхан Шекербеков айтысқа домбыраның орнына гитарамен шыққаны үшін сынға қалған болатын.

Желі қолданушыларының бір тобы әншінің тапқырлығы мен жаңашылдығы үшін мақтаса, енді бірі оны төл өнерді мазақ етті деп сөккен.

Сонымен қатар айтыс ақындары одағының төрағасы Жүрсін Ерман ең көп көлік жеңіп алған айтыскер ақындар жайлы айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1888646-mhtar-niazov-sinsi-ret-altyn-dombyrany-ielendi/

pixel