Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балғынбек Имаш шетелге қоныс аударушылардың себебін айтты

Опубликовано:

Балғынбек Имаш
Фото: Instagram/balgynbek_official

Отандық танымал ақын әрі айтыскер Балғынбек Имаш халықтың шетелге көшуінің басты себептерін атап өтті. Өнер иесі оның үш салдарын тізіп шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Балғынбек Имаш Instagram парақшасында шетелге көшу мәселесін қайта қозғады. Белгілі айтыскер азаматтардың бұл қадамға баруының үш себебі бар екенін айтты.

Сонымен қатар, ол қазақ халқының өзге елге басқа мақсатпен барып, кейін қалып қойып жатқанын алға тартты.

"Хабар арнасында тікелей эфирде өтетін "Бүгін" атты бағдарламаға барып сөйлеген сөзімді кеше салам деп ойлап едім, ақыры Бүгін салдым. Қозғалған мәселе көші-қон, елден көшіп жатқан азаматтарымыз туралы. Кез-келген елдің азаматтары шетелге үш түрлі себеппен қоныс аударады екен: білім алу үшін, жұмыс істеуге, тұрақты түрде тұруға. Біздікілер оқуға барса, жұмыс істеуге, жұмыс істеу үшін барғандар, тұрақты түрде тұруға қалып қоюда" - , деп жазды Балғынбек Имаш.

Айта кетейік, бұған дейін Балғынбек Имаш шетелден үй алғанын жұртқа жария салып, жарнамалаған Алтынай Жорабаева мен Қарақат Әбілдинаны сынап тастады. Ақынның айтуынша, әншілердің бұл әрекеті өзгелердің елден көшуіне ой салады.

Кейіннен айтыскер бұл айтқан пікіріне тағы тоқталып, шоу-бизнес жұлдыздарын Түркиядан үй алғанын қалың көпшілікке жарнамалағаны үшін сын айтса да, олардың өнерін аса жоғары бағалайтынын жеткізді. Ақынның сөзінше, олар қандай әрекетке барса да, шығармашылықтары өз бағасын жоғалтпайды екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1889296-balgynbek-imas-halyk-setelge-ne-sebepti-konys-audaratynyn-ajtty/

pixel