Рүстем Жүгінісов үшінші рет әке атанды (фото)
Жарияланған күні:
Отандық әнші Рүстем Жүгінісов үшінші рет әке атанды. Әншінің шаңырағында ұл бала дүниеге келген деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Әншінің өзі желі парақшасында сүйінші хабарды жеткізген.
"Аллаға шүкір! Өміріміздің жалғасы Осман ұлымды қолыма алып қуанышымда шек болмай тұр! Барлығыңызға осындай қуаныш жұғысты болсын! Османдай батырды тоғыз ай көтеріп, аман-есен босанған аяулы жарыма мың алғыс!", - деп жазған ол жеке парақшасында.
Желі қолданушылары әншінің қуанышына ортақтасып, ақ тілектерін жаудырды.
"Бауы берік болсын", "Құтты болсын", "Ғұмырлы болсын", "Керемет", "Осы келін өте ақылды, домбыраны қалай шертеді", - деп жазған пікір қалдырушылар.
Рүстемнің ұлды болғанын естіген продюсер әрі медиаменеджер Алпамыс Шаримов те әншіге құттықтау пікір қалдырған.
"Халықтың ұлы болар Ұлы тұлға болсын", - деп жазған ол.
Айта кетсек, екі қыздан кейін ұлды болған"Жаңа толқын-2017" байқауының қатысушысы, белгілі əнші 2017 жылдың қазанында Астанада дүркіретіп той жасап, шаңырақ көтерген болатын. Елордадағы "Салтанат сарайында" өтіп жатқан үйлену тойына Маржан Арапбаева, Мөлдір Мұқанова, Қайрат Баекенов, Алтынай Жорабаева сынды елімізге белгілі əншілер келген еді.
Ал екінші қызы өткен жылдың мамыр айында дүние есігін ашып, әншінің отбасын шаттыққа бөлеген болатын. Ол кезде де әнші сәбиін қолына алған сәтінен суретті ел назарына ұсынып, қуанышты жаңалықпен бөліскен еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1889816-rstem-zginisov-sinsi-ret-ke-atandy-foto/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.