Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балжан Бидаш: Тұрмысқа шығатын, тіпті жігітпен кездесетін ойым болмаған

Жарияланған күні:

Жахан Отарғалиев пен Балжан Бидаш
Фото: Instagram/bidash_official

"Кешью" тобында өнер көрсетіп танылған әнші Балжан Бидаш сүйіктісі Жахан Отарғалиевтың ұсынысын қалай қабылдап, не себепті оның жары атануға бекінгенін ашып айтты. Эстрада өкілінің айтуынша, оның тұрмысқа шығып, жігітпен кездесетін ойы мүлдем болмаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Балжан Бидаш күллі Қазақстан жұртшылығын таңғалдырған махаббат хикаясы жайында жан сырын ақтарды. Ол ойламаған жерден белгілі актерге тұрмысқа шығуға қалай келісімін бергенін ашып айтты.

Әнші Instagram парақшасында жүрекжарды жазбасын жариялап, барлығын егжейлі-тегжейлі түсіндірді. Ол шынымен де, алдағы уақытта отбасын құруды мүлдем жоспарламаған болып шықты.

Өнер иесі күйзелісте жүргендіктен, Стамбұл қаласына көңілін аулап, демалып қайту үшін барған. Алайда, тағдырдың жазуы бойынша, Балжан Бидаш сол жерде өмірлік серігі Жахан Отарғалиевпен танысқан.

"Менің тұрмысқа шығатын, тіпті жігітпен кездесетін дым ойым болмаған. Біраз уақыт депрессияда жүріп демалу мақсатында Стамбулға барған адаммын. Жахан екеуіміз сонда кездесіп, жақын сөйлесіп кеттік. Мен Жаханмен дос ретінде араласамын деп ойладым.

Кездесе келе Жахан мені ұнататынын айтты. Жаханның үйленетін жігіт екенін біліп, өзімді одан алыстатамын, сосын қайтадан сөйлесеміз. Солай жүргенде алғашқы ұсынысын өздеріңіз көргендей Стамбулда дүкенде жасады. Жахан Стамбулда айтып жүрді, мен жас бала емеспін. Ұзақ уақыт жүре алмаймын.. Маған тұрмысқа шықшы, сен менің әйелім болғанды қалаймын, мен сені қатты жақсы көріп қалдым деп. Оның маған деген махаббатын көріп, талпыныстарын көріп, ерлік қасиеттерін байқап мен де ұната бастадым.

Қазақстанға келгенде жауап беруге 1-ақ күн уақыт берді. Енді ойланып көріңіз, тұрмысқа шығу деген шешім өмірлік шешім қабылдау ғой. Оған просто, иә/жоқ деген жауап айту керек болды. Жоқ дейін десем тағы қимаймын. Содан оның барлық жақсы қасиеттерін көріп, мені бақытты ететініне сеніп, стройка жүріп жатқан үйіне барып, жүзікті алып, қайта салғызып, тосын сый етіп, "иә" деп айттым" , - деп жазды ол.

Айта кетейік, Жахан Отарғалиев пен Балжан Бидаш жақында ғана некелерін қидыртып, қалың көпшілікті таңғалдырған болатын. Өнер жұлдыздары кездесіп жүргендерін соңына дейін жасырып келген.

Бесінші желтоқсан күні Балжан Бидаштың ұзату тойы дүркіреп өтті. Думанды шара әншінің өз үйінде тек ет-жақындар үшін ұйымдастырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1889899-balzan-bidas-trmyska-sygatyn-tipti-zigitpen-kezdesetin-ojym-bolmagan/