Карантин кезінде отырыста ұсталған Тәуекел Мүсілім дауға қалды (видео)
Жарияланған күні:
Желіде отандық шоу-бизнестің жарық жұлдызы Тәуекел Мүсілімнің карантин кезінде бір топ өнер иелерімен отырыста ұсталған сәтінен видео тарады. Белгілі актер мониторингтік топ өкіліне ашуланып, онымен сөзге келіп қалды деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Алматылық мейрамханалардың бірінде ұсталған қазақстандық жұлдыздардың видеосы Instagram желісіндегі qaz.stars парақшасында жарияланған. Бейнежазбада бір дастархан басында отырған өнер иелерінің жиынына мониторингтік топ өкілдерінің кіріп келгені көрініс тапты.
Оңтүстік астанадағы карантин шараларының қатаң сақталуын тексеретін мамандар отырыстың үстінен түскен бойда, ұсталған шоу-бизнес өкілдерін камераға түсіре бастаған.
Бұл жайт бірден Тәуекел Мүсілімге ұнамады. Белгілі актер мониторингтік топ өкіліне өз наразылығын білдіріп, онымен сөзге келіп қалған. Ол видеоға түсіріп жүрген адамға әсерге беріліп сөйлемеуін сұраған.
Сондай-ақ, бейнежазбаға сәйкес аталған отырыста Жанель Мақажан мен Олжас Әлжановтың да бой көрсеткен.
Тәуекел Мүсілімнің қатысуымен болған видео желіде бірден қызу талқыға түсті. Өнер иесінің позициясына қатысты халықтың ойы екі жаққа бөлінді. Бірі актерді толығымен жақтап жатса, енді бірі оның әрекетін сынға алған.
Белгілі болғандай, жұлдыздардың ұсталғанына қатысты жағдай Марат Оралғазин мен Еркебұлан Мырзабековтың ұйымдасырған пранк идеясы екен. Қос әзілкеш өнер иелерін алдамақ болып, өз мақсаттарына жеткен.
Айта кетейік, бұған дейін Тәуекел Мүсілімнің жары Махаббаттың желідегі парақшасын бұзақылар бұғаттап тастағанын хабарлаған болатынбыз. Олар актердің әйелінің атынан халықтан емге қомақты ақша сұраған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1889909-karantin-kezinde-otyrysta-stalgan-tuekel-msilim-dauga-kaldy-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.