Құрманғазы оркестрі "Ұлттық" мәртебесіне ие болды

Опубликовано:

Фото
Фото: Құрманғазы оркестрі/Facebook

Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі Қазақстан президентінің жарлығымен "Ұлттық" мәртебесіне ие болды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Сүйінші хабар. Қазақстан Республикасы президентінің жарлығына сәйкес, “Мәдениет туралы” 2006 жылғы 15 желтоқсандағы ҚР Заңының 21-бабының 1-тармағы бойынша ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің “Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі” республикалық мемлекеттік кәсіпорны “Ұлттық” мәртебесіне ие болды!

Бұл қуанышты жаңалықты Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Рахметоллақызы жеткізді.

Барлық әріптестерімізді және Ұлттық мәртебеге ие болған өнер ошақтарын қуанышты жаңалықпен құттықтаймыз!

Төл өнерімізді дамытудағы еңбегіміз жана берсін!", - делінген оркестрдің Facebook желісіндегі парақшасында.

Еске сала кетсек, осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше заңға өзгерістер енгізгенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1889910-krmangazy-orkestri-lttyk-mrtebesine-ie-boldy/