Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ниетіңнен бас тартпа": Айдарқұлов алғаш рет Ақботаның хиджаб кигеніне қатысты пікір айтты

Опубликовано:

Ақбота, Дәурен Айдарқұловтар
Фото: Instagram/daurenaidarkulov

Отандық танымал актер Дәурен Айдарқұлов алғаш рет бұрынғы жары Ақбота Сейітмағамбеттің хиджаб кие бастағанына қатысты өз ойын айтты. Ол бұл мәселе жайында экс-жұбайымен сөйлесіп, оған діни кеңестерін берген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дәурен Айдарқұлов бұрынғы әйелі Ақбота-Нұрдың образындағы өзгерістеріне қатысты пікір білдіріп, оның хиджаб кие бастағаны жайлы тақырыпты көтерді. Ол екі баласының анасы мұндай қадамға барғанына қарсы емес екенін айтып, керісінше оны қолдайтынын жеткізді.

Белгілі актер тіпті онымен бұл мәселе аясында сөйлесіп, бірқатар жайттарды талқыға салғандарын жасырмады. Әзілкеш экс-жарымен намазға жығылуға қатысты кеңестерімен бөліскен. Бұл туралы ол НТК арнасындағы "Ревю" бағдарламасында айтып берді.

"Ақботамен ол мәселені талқыладық, сөйлестік. Оған ең бастысы, "намазға тұрамын деп ниеттеніпсің, сол ниетіңнен басыңды тартпа" дедім. Ары қарай жүректегі иман күшейе берген сайын, хиджабты шешпеу керек екенін өзі де түсінетінін айттым" , - деп қысқаша қайырды Дәурен Айдарқұлов.

Айта кетейік, бұған дейін Ақбота Сейітмағамбет халықты таңғалдырып, басына орамал тартып, хиджаб киіп кеткен болатын.

Кейін бір айға жетпей, әнші шашын жайып жүре бастаған. Ол ақыр-соңы орамалын шешіп, өзінің қалыпты образдарына оралды.

Ал жақында тіптен ел назарына ашық образын паш етіп, көпшіліктен оңбай сөз естіді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1889927-nietinen-bas-tartpa-ajdarklov-algas-ret-akbotany-hidzab-kigenine-katysty-pikir-ajtty/

pixel