Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Онлайн бата бердік": Серік Абас-Шахтың қызы АҚШ-та тұрмысқа шықты (фото)

Опубликовано:

Серік Аббас-шахтың қызы мен күйеубаласы
Фото: serik_abasshakh_officialpage

Отандық танымал тележурналист Серік Абас-Шахтың қызы тұрмысқа шықты. Алайда, екі жастың үйлену тойында ата-анаары болмаған. Себебі, қос ғашық некелерін АҚШ-та қиған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Серік Абас-шах тұңғышының тұрмысқа шыққаны туралы өзінің Instagram парақшасында хабарлаған. Алайда, ақпарат өкілі коронавирус пандемиясына байланысты қызының қуанышына тек онлайн қатысуға мәжбүр болған.

Қос ғашықтың ата-аналары әлеуметтік желі арқылы байланысқа шығып, оларға өз ақ баталарын беріпті. Биыл үйлену тойы осындай форматта өтсе де, келер жылы құдалар оны дүркіреп атап өтуге ниетті.

"Тұңғышым тұрмысқа шықты. Мұхиттың ар жағында өткен тойға онлайн қатысып, ақ батамызды бердік, ақ тілегімізді айттық. Екі жас бақытты болсын! Құдай қаласа, (құжат визаланса), бала-шаға мен туған-туысты ертіп, Аризонаның ыстығында екі қолды жайып, нағыз “южандарша” билеп-тойлап, дүрілдетіп қайтамыз ба деп үміттеніп отырмыз, келесі жылы" , - деп жазды Серік Абас-шах.

Танымал тележурналист парақшасында қызымен күйеубаласының фотосымен бөліскен. Белгілі болғандай, Тоғжан Серікқызының таңдауы Әділет есімді қазақ жігітке түскен.

Желі қолданушылары жас жұбайларды отбасын құрумен шын жүректен құттықтап, өзінің жүрекжарды тілектерін жаудырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1889947-onlajn-bata-berdik-belgili-telezurnalisti-kyzy-aks-ta-trmyska-sykty-foto/

pixel