Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал өзбекстандық әнші 16 жастағы қызды зорлады деген күдікпен қамауға алынды

Опубликовано:

Жасур Умиров
Жасур Умиров. Фото: instagram.com/jasur_umirov_officiall

Өзбекстанда кәмелет жасына толмаған қызды зорлады деген күдікпен танымал әнші Жасур Умиров қамауға алынды деп хабарлайды CentralAsia.media.

Самарқанд облысының прокуратурасы өзбекстандық әншінің қамауға алынғанын хабарлаған.

Басылымның жазуынша, әнші лицейдің 16 жастағы оқушысын осы жылдың маусым айында зорлаған деп күдіктелуде.

Жасур Умиров қызбен интернет арқылы танысып, кейінірек зардап шегуші мен оның құрбысын үйіне шақырған. Осылайша ол қыздарға ішімдік беріп, зорлық көрсеткен.

Бастапқыда Каттакурган ауданы ішкі істер бөлімі әнші мен өзгелердің әрекетінде "қылмыс белгілері болмағандықтан" қыздың зорланғаны туралы арызын қабылдамаған.

2020 жылдың 9 қазанында қосымша тергеп-тексеруден кейін Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 118 бабы, 1 бөлімі бойынша (жәбірленушінің дәрменсіз жағдайын пайдаланып зорлау) қылмыстық іс қозғалған.

Әнші Жасур Умиров өзіне тағылған айыпты мойындамай, қызды сол сәтте үйде болған достары зорлаған болуы мүмкін екенін айтқан.

Еске сала кетсек, бұған дейін Тәжікстанда 12 жастағы қызды зорлады деген айыпталушы рақымшылықпен босап шыққаны хабарланған еді.

Сонымен қатар Қостанай облысында полиция 12 жастағы өгей қызын зорлады деген күдікпен 29 жастағы Лисаковск тұрғынын ұстаған болатын.

Қазір азамат қамауға алынған. Ал жүкті қыз перзентханада жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1890320-tanymal-zbekstandyk-nsi-16-zastagy-kyzdy-zorlady-degen-kdikpen-kamauga-alyndy/

pixel