Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жүре алмай қалдым": Димаш Әділет ауруханаға түсіп қалды

Опубликовано:

Димаш Әділет ауруханада
Фото: Instagram/dimashadilet

Әлеуметтік желіде асқан танымалдылыққа ие болған сері жігіт Димаш Әділет шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Instagram жұлдызы қатты жарақаттанып, өздігінен аяқ басып жүре алмай қалған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Димаш Әділет туған еліне оралған бойда келеңсіз жағдайға тап болғанын Instagram парақшасында егжейлі-тегжейлі түрде айтып берген.

Ол қолында 16 келілік итін ұстап келе жатқанда баспалдақтан құлап кеткен болып шықты. Нәтижесінде блогердің аяқтары қатты ауырып, өздігінен жүре алмай қалған. Димаш Әділет жарақаты күрделі екенін сезініп, бірден жедел жәрдем шақыртқан.

"Қазақстанда алғаш рет жедел жәрдем көлігіне отырдым. Жақында мен өзімнің туған қалам Алматыға оралып, біраз уақыт отбасыммен өткізбек болғанмын. Қазақстанда наурыз айынан бері болмадым. Туған жерге керемет көңіл күймен келгенімен, үш сағаттан соң мен келеңсіз жағдайға тап болды. Түнгі сағат екіде мен өз үйімде баспалдақтан қатты құладым. Бар салмағыммен соңғы төрт баспалдақтың бұрышынақұлап, арқамды қатты жарақаттадым.

Ең қызығы, сол кезде менің қолымда 16 келілік итім болған. Ол буындары әлсіз болғандықтан баспалдақтармен жүре алмайды. Қолымда ит болғандықтан мен баспалдақтан құларда ұстана алмадым. Содан кейін мен өздігімнен дұрыс тұра алмай, аяқтарым қатты ауырды. Нәтижесінде жедел жәрдем келіп, мамандар омыртқамның төменгі бөлігінде күрделі жарақат болуы мүмкін екенін айтты. Одан кейін сегіз сағатымды ауруханада түрлі тексерістерден өттім.

Біздің ауруханаларда ұйымшылдықпен проблемалар бар екені бірден көзге түсті. Сол себепті де сегіз сағатым кетті. Бірақ, менің тәжірибем де жаман емес болды. Маған жақсы қарады. Бұл жыл дәрігерлер қауымы үшін аса ауыр болғаны анық. Абырой болғанда, омыртқам сынбаған болып шықты. Бірақ, дәрігер толық айығып, аяққа тұру үшін маған 6 апта керек екенін түсіндірді. Бұл уақыт аралығында отырып, көп жүре алмаймын. Көбінесе жататын боламын. 2020 жылды аяқтаудың таптырмас әдісі.Ештене етпес, 6 аптада көп нәрсені ойлануға уақыт болады. Маған ауруханада көмектескен барша медицина қызметкерлеріне алғыс білдіремін" , - деп жазды ол.

Димаш Әділеттің айтуынша, иті оның үстіне құлағандықтан еш жері зақымданбаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1890379-zre-almaj-kaldym-dimas-dilet-auruhanaga-tsip-kaldy/

pixel