Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Осындай арсыз әке көрмедім": Ақбота Сейітмағамбет экс-жолдасын сынап тастады

Опубликовано:

Ақбота Сейітмағамбет
Фото: Instagram/akbotanurabaykyzy

"Кешью" тобында өнер көрсетіп танылған әнші Ақбота Сейітмағамбет желіде бұрынғы жолдасы Дәурен Айдарқұловқа шүйлікті. Өнер иесінің айтуынша, экс-жұбайы балаларын мүлдем іздемейді деп жазадқы KAZ.NUR.KZ.

Ақбота Сейітмағамбет экс-жолдасына аса қатты ашулы көрінеді. Әнші Instagram желісінің Stories бөлімінде Дәурен Айдарқұловқа қатысты азулы жазба жариялап, ол туралы не ойлатынын жасырмай ашық айтты.

Өнер иесінің сөзінше, бұрынғы күйеуі балаларының алдындағы әкелік міндетін орындамай жүр. Ол Айдарқұловтың ауырып қалған қос перзентін ауруханаға апара алмағанына шүйліккен.

"СұбханАлла! Өз балаларын іздемейтін, денсаулығын ойламайтын осындай арсыз әкені көрмедім. Кешелі бері балаларым да, мен де ауырып мазамыз болмай, әкелері бүгін балаларды дәрігерге апару керек болған. Әкелері дәрігерге апаруы былай тұрсын, балаларын іздесе ғой, шіркін! Кімнің кім екенін Алла көріп тұр. Көп нәрсе айтар едім" , - деген жазба қалдырды Ақбота Сейітмағамбет.

Кейіннен Ақбота Абайқызы Дәурен Айдарқұловқа жолдаған азулы жазбасын желіден өшіріп тастаған. Алайда, көзі қарақты желі қолданушылары әншінің жазғанын суретке түсіріп алып үлгерген. Ақбота Сейітмағамбеттің экс-жолдасына арнаған жазбасының скриншоты Instagram желісіндегі qaz.stars парақшасында жарияланған болатын.

Бүгінде бұл азулы жазба желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсіп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1890588-osyndaj-arsyz-ke-krmedim-akbota-sejitmagambet-eks-zoldasyn-synap-tastady/

pixel