Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Роза Рымбаеваға "Шығыс Қазақстан облысының құрметті азаматы" атағы берілді

Опубликовано:

Роза Рымбаева
Роза Рымбаева. Фото: instagram.com/rozarymbaeva

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваға "ШҚО Құрметті азаматы" төсбелгісін табыс етті деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Бүгін қуанышты, әрі тарихи күн. Жаңа жыл қарсаңында жерлесіміз, Қазақстанның халық әртісі Роза Қуанышқызы Рымбаеваға "ШҚО Құрметті азаматы" атағын жеке тапсырып жатырмын. Мен үшін бұл зор құрмет. Біз әрдайым жерлестеріміздің жеңісі үшін қуанып, қолдап жүреміз", - деді Даниал Ахметов.

Кездесу барысында эстрада әншісі Семей қаласында мерейтой аясында атқарылған жұмыстардың ауқымын жоғары бағалап, ұлы ақын – Абайдың қазақ үшін алар орны зор екенін ерекше атап өтті. Ол жақында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай қорытынды концерт өткізді.   

"Жыл сайын өзімнің гастрольдік сапарымды Шығыс Қазақстаннан бастауға тырысамын. Себебі, туған өлкемнен ерекше шабыт, күш-қуат аламын. Халқыма жүрекпен ән шырқап, бір толқында өнер көрсетемін. Бүгінгі марапат үшін халқыма зор алғысымды білдіремін", - деді Роза Қуанышқызы.

Қазақстанның халық әртісі Өскеменде жаңартылған "ERTIS CONCERT" ғимаратында болды. Роза Рымбаева өзі талай рет өнер көрсеткен залдың жоғары талаптарға  сай өзгергенін айтты.

Сондай-ақ Роза Рымбаева алдағы жылы ерекше бағдарламамен келіп, облыс тұрғындарына жеке концерт қоятынын жеткізді.

Кеш ШҚО симфониялық және халық аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен өтпек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1890866-roza-rymbaevaga-sygys-kazakstan-oblysyny-krmetti-azamaty-atagy-berildi/

pixel