RU

"Әлем ханымы – 2020" атағын жеңіп алған Жұлдыз Әбдікәрімова үндеу жасады

Фото
Көрнекі фото: Жұлдыз Әбдікәрімова/Әлеуметтік желі

Қазақстандық мега жұлдыз Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова "Әлем ханымы – 2020" атағын жеңіп алғанын хабарлаған болатынбыз. Көп адамға арман болған байқауда топ жарған өнер иесі өзін қолдаған барша оқырмандарына алғыс айтып, видео үндеу жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Актриса әрі тележүргізуші жылы лебізін Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жария етті.

"Сүйінші, Қазақ елі және мені қолдаған Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Ресейлік оқырмандар! Алланың қалауымен, халықтың қолдауымен “Әлем ханымы 2020” байқауының бас жүлдесі бізге бұйырды!
Бұл жеңіс менікі емес, біздікі! Мақсатым - басыма тәж кию емес, көк туымды желбірету!" - деді Жұлдыз Әбдікәрімова.

Айта кетейік, 1-24 желтоқсан аралығында өткен дауыс беру нәтижесі бойынша Жұлдыз Әбдікәрімова 81 902 дауыс жинап, жеңімпаз атанды.

Ал бірінші орынға Орталық Еуропа атынан қатысқан Виктория Люб ие болды. Ол 58 349 дауыс жинаған. Екінші орынды австриялық Юлия Игнатченко қанағат тұтты. Оны байқауда 55 789 адамның қолдаған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Жұлдыз Әбдікәрімованың "Әлем ханымы-2020" байқауында ел намысын қорғайтыны белгілі болды.

Қайрат Нұртастың жары аталмыш байқауға қатысты сұхбат беріп, оған қалай келгені туралы бар шындықты айтты.

Белгілі болғандай, оны "Әлем ханымы" кастингіне байқаудың Қазақстандағы ресми өкілі шақырған. Бұл қызметті қазір отандық журналист Арай Әлімхан атқаруда.

Жұлдыз Әбдікәрімованың айтуынша, байқаудың онлайн форматта өтуі оған аса қолайлы болған. Ол сұлулық додасына балаларының қасында жүріп-ақ қатыса алатынына қуанды.

Кейін аталмыш байқауда тағы бір қазақстандық келіншектің қатысып жатқаны хабарланды. Аяна Сұлтанбекова есімді әйел бұл додада Орта Азия атынан шықпақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1891082-lem-hanymy---2020-atagyn-zeip-algan-zldyz-bdikrimova-ndeu-zasady/