RU

Ләйлә Сұлтанқызы: Автобусқа отыратын ақшам жоқ, жаяу жүретінмін

Ләйлә Сұлтанқызы
Фото: Instagram/sultankyzy

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы жастық шағында басынан өткен қиындықтарымен бөлісті. Ақпарат өкілі журналистика саласындағы еңбек жолын қалай бастағаны туралы бар шындықты айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ләйлә Сұлтанқызы журналистика саласындағы алғашқы жұмысы туралы Instagram парақшасында айтып берді. Белгілі болғандай, тележүргізуші еңбек жолын радиода бастаған. Жалақысы небәрі 3750 теңге болған.

Ләйлә Сұлтанқызы айлығы аз болғандықтан, қаржы тапшылығына тап болғанын жасырмады. Ол кейде тіпті автобусқа отыратын ақшасы болмай, жаяу жүрген кездері де болғанын айтты.

"Бүгін сіздермен кезінде басымнан өткен қиындықтар мен қазір күлімдеп еске алатын сәттерімнің бірімен бөліскелі отырмын. 1997 жыл. Журналистика факультетінің 3 курс студентімін. Танымал журналист, тележүргізуші болуды армандайтынмын. Бірақ тәжірибем болмағанадықтан, қай телеарна жұмысқа алсын?

Сөйтіп жүріп, алғашында радиоға журналист болып жұмысқа тұрдым. Таңғы 8-ден түскі 2-ге дейін сабақ оқысам, түстен кешке дейін, кейде таңға дейін жұмыста едім. Ұйықтау дегенді білмейтін едік. Жалақым 50 доллар. Теңгемен есептегенде 3750 тг алатынмын. Ол ақша ештеңеге жетпейді. Автобусқа отыратын да ақша жоқ, жаяу жүретінмін. Бірақ мойыған жоқпын. Өз арманыма сеніп, күні-түні жұмыс істедім.

Соның арқасында тура 6 жылдан кейін (2003 жылы) сол телекомпанияның директоры болдым. Сол кездерді күліп еске алам. Өйткені, дәл сол шақта менің журналистикадағы жолым бастау алған еді. Армандар орындалады! Тек сену керек!Еңбектену керек" , - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1891244-ljl-sltankyzy-avtobuska-otyratyn-aksam-zok-zaau-zretinmin/