Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Түсініксіз": Асхат Садырбай Әбдікәрімова топ жарған әлем байқауы туралы пікір білдірді

Опубликовано:

Жұлдыз Әбдікәрімова
Фото: Instagram/ zhuldyzabdukarimovaofficial

Танымал журналист Асхат Садырбай Жұлдыз Әбдікәрімова топ жарған "Әлем ханымы-2020" байқауына қатысты пікір білдірді. Ақпарат өкілінің айтуынша, аталмыш сұлулық байқауында Қазақстан қатысушы жеңіп шыққаны туралы тек отандық сайттарда ғана хабарланған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Асхат Садырбай Instagram парақшасында "Әлем ханымы" сұлулық байқауына қатысты өзі байқаған түсініксіз жайттарды жазды.

Белгілі журналист аталмыш додада Жұлдыз Әбдікәрімованың бас жұлдеге ие болғаны туралы тек қазақстандық басылымдарда ғана хабарланғанына таңғалған.

Оның айтуынша, ресейліктер өз елі атынан қатысқан үміткер арудың жеңгенін жарыса жазып жатыр екен.

"Mrs. Universe 2020 ға қатысты. Кешелі бері осы байқауға Қазақстаннан қатысқан Жұлдыз Абдукаримова бас жүлдені жеңіп алды деген ақпаратты оқып жатырмыз. Қуаныштымыз. Құтты болсын. Бірақ. Жаңалықтар жазатын шетелдік сайттарды ақтарсам бұл ақпарат тек қазақстандық сайттарда ғана жарияланған. Ресейліктер өз елдерінен қатысқан үміткер жеңді деп жазыпты. Түсініксіз.
Қайбір жылы Францияда өтетін “Intervilles” - “Намыс дода” халықаралық тв додасына барған біздің елдің командасы бас жүлдені жеңіп алған ғой. Ресейде ол шоу “Большие гонки” деген атаумен “Первый каналдан" көрсетілетін. Финалда бәрі Қазақстанды құттықтап, шампан атып, кубокты тапсырып аяқтаған. Бәрі біткен соң ресейлік әріптестер кубокты сұрап алып Ресей жеңді қылып, өздеріне басқаша түсіріп алған. Бір ойын, бір кубок, әртүрлі нәтиже мен әртүрлі жеңімпаз. Ал, енді мынау ханшайымдар сайысында да сондай бірдеңе болмаған шығар" , - деп жазды Асхат Садырбай.

Белгілі журналистің бұл жазбасына бірінші болып, "Әлем ханымы" байқауының Қазақстандағы ресми өкілі Арай Әлімхан жауап берді.

"Асxат, маған xабарласып, өзімнен тікелей сұрасаң болатынын білесің ғой. Оның үстіне сол сайыстың өкілі екенімді де көрген боларсың. Сол сайысқа былтыр менің қатысқанымды білесің. Мына постыңды түсінбедім. Сұрағың көп болса, соның бәріне жауапты менен-ақ алуға болады екені онсыз да түсінікті" , - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1891248-tsiniksiz-ashat-sadyrbaj-bdikrimova-top-zargan-lem-bajkauy-turaly-pikir-bildirdi/

pixel