RU

"Ісімен дәлелдеген": Меруерт Түсіпбаева сынға қалған Димашты жақтады

Меруерт Түсіпбаева
Фото: Instagram/meruert_tusupbaeva

Отандық танымал әнші Меруерт Түсіпбаева Димаш Құдайбергенді сынға алғандарға жауап берді. Өнер иесі бүгінде кім көрінгеннің әділқазы мен сыншы болып шыға келетініне шүйлікті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Меруерт Түсіпбаева Instagram парақшасында азулы жазба жариялап, ғажайып дауысты тума талантты сынаған отандық шоу-бизнес өкілдерін орнына қойды.

Эстрада жұлдызы Димаштың елі мен ана тіліне деген сүйіспеншілігіне күмәнданудың өзі үлкен қате екенін алға тартты. Оның айтуынша, өнердегі інісі күллі әлемді қазақ тілінде ән шырқатып, Отанына деген махаббатын ісімен дәлелдеп тастаған.

Сонымен қатар, Түсіпбаева Димашқа айтылып жатқан сөздерді көңіліне алмай, оларға мүлдем мән бермеуге шақырды.

"Димаш парақшасына пост жазыпты. Оның айтуынша, жақында көрсеткен бағдарламада өз елі мен халқы туралы мақтанышпен айтқанын “Россия“ телеарнасы монтаж кезінде кесіп тастапты. Димаш ана тіліне, туған еліне деген сүйіспеншілігі туралы жазбаса да болады. Ол әлемге қазақша ән салдыртқан тұлға! Ісімен дәлелдеген, әлдеқайда!Өкініштісі. Біздің елде , продюсер танысы болса болғаны-кім көрінген жюри, кім көрінген эстрада сыншысы! Ауызым бар деп , әйтеуір айта салады. Демалыңдаршы. Сондай болып алыңдар, босқа көкімей. Атың шықпаса жер өрте деген осы", - деп жазды Түсіпбаева.

Айта кетейік, бұған дейін отандық танымал продюсер Перизат Мырзахмет Димаш Құдайбергенді сынға алған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1891457-isimen-dleldegen-meruert-tsipbaeva-synga-kalgan-dimasty-zaktady/