Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өмірден өткенше еркелетті": Әкесін еске алған Жазира Байырбекова елді жылатты

Опубликовано:

Жазира Байырбекова
Фото: Instagram/zhazira_bairbekova

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Жазира Байырбекова марқұм әкесін есіне алып, басынан өткен ауыр кезеңі жайлы жан сырын ақтарды. Әкесіне деген сағынышын жеткізген әртістің жантебірентерлік жазбасы ел жүрегін елжіретіп, көпшілікті жылатты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жазира Байырбекова Instagram парақшасында марқұм әкесі туралы әсерлі жазбасын жариялап, онда оған қатысты тың мәліметтермен бөлісті.

Белгілі болғандай, әншінің әкесі аса ауыр дертпен күресіп келген. Алайда, дәрігерлер мұндай диагнозбен жазылып шығу мүмкін емес екенін айтыпты.

Байырбекованың айтуынша, бұл хабарды есту отбасы үшін тым ауыр болған.

Эстрада жұлдызы әкесі сырқаттанып жүргенде онымен өткізген ерекше сәттерін есіне алып, оған деген сағынышын жеткізді.

"Әкем марқұмның диагнозын анықтап, дәрігерлерден жазылмайтынын естіп жүрген кезіміз еді. Ауруханадан шығып біздің жалдамалы үйімізге келді. Мен ешқандай тұз салмай, үйдегі бар азық-түлікпен тамақ жасап бердім. ”Тұзды, майлы, қуырған тағам болмайды” деген дәрігерлердің кеңесіне құлақ асып, жазылып кетер деген ой ғой. Әкем тамақты бір қасық ұрттап “Жаска, кішкене тұз салуға болмай ма?!” деді.

Мен “жоқ, сізге тұзды болмайды” дедім. Әкем дәмі жоқ тамақты менің көңіліме қарап ішіп қойды. Шынымен аз өмірі қалғанына сенсем қуырып та, тұзын да салып дәмдірек етіп жасап берер едім. Ата-анасы өмірден өткендердің талайының көкейінде түрлі өкініштер қалды-ау.иә?!

Өмірден өткенше менің көңіліме қарап, еркелетіп, бір дауыс көтермеді. Қабағын да түйгені есімде жоқ. Сонша жақсы көріп маған елжіреп қарайтын көздері, салқын тиіп тұмауратып қалсам “өзімнің көзім өтіп кетті-ау” деп түкіріп, маңдайымнан сүйетіні көз алдымда. Марқұм әкем тірі болып,бүгінгі жетістігімді көргенде ғой" , - деп жазды өнер иесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1891696-mirden-tkense-erkeletti-kesin-esine-algan-zazira-bajyrbekova-eldi-zylatty/

pixel