Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"5 күнде үйленіп алдық": Балжан Бидаш Жахан екеуі қалай қосылғандарын айтты

Опубликовано:

Балжан Бидаш пен Жахан Отарғалиев
Фото: instagram/bidash_official

"Кешью" тобында өнер көрсетіп танылған Балжан Бидаш жолдасы Жахан Отарғалиевпен қарым-қатынасы қалай бастау алғаны туралы бар шындықты айтты. Әнші арудың сөзінше, бастапқыда олар "аға-қарындас" болып араласып, кейіннен сезімдері достықтан махаббатқа ұласқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Балжан Бидаш Жахан Отарғалиев екеуінің махаббат хикаясы қалай бастау алғаны жайлы Instagram желісінде қысқа да нұсқа айтып берген. Шоу-бизнес өкілдері қарым-қатынастың үш кезеңінен өткен болып шықты.

Бастапқыда ағалы-қарындас болып жүрсе, одан кейін жақсы дос ретінде араласып кеткен. Араға тағы бір айдай уақыт тастап, қос ғашық бір-біріне деген сезімі бар екенін түсінген. Нәтижесінде қыз бен жігіт болып кездесе бастап, тура бес күннен кейін үйленіп, отбасын құрды.

"Бір ай аға, бір ай дос, сосын қыз бен жігіт , одан кейінгі 5 күнінде үйленіп алдық, енді Алла қаласа өмір бойы бірге болайық. Жахан Отрағалиев қалай қарайсың" , - деп жазды Балжын Бидаш.

Желі қолданушылары қос жұлдыздың махаббат хикаясына тәнті болып, оларға өз жылы лебіздерін білдірді.

"Мәңгі осылай бақытты болып, бірге қол ұстасып жүре беріңіздер" , "Сондай жарасымды әрі бақытты жұр" , "Бір-біріңізді дәл тапқансыздар. Күшті жарасасыздар" , "Керемет жұп, керемет отбасы" , "Көп ойланып жүрудің қажеті жоқ. Жүрек сезді ме, дұрыс үйлену керек" , "Сіздерге ризамын. Бақытты болыңыздаршы. Тіл көз тимесін" , "Араларыңыздағы сезімді көрмеу мүмкін емес", "Жолдасыңыз күшті еркелетеді екен" , - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1891707-5-knde-jlenip-aldyk-balzan-bidas-zahan-ekeui-kalaj-kosylgandaryn-ajtty/

pixel