Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төреғали сал ауруына шалдыққан қыз баланы жаңа жылмен арнайы құттықтап барды (видео)

Опубликовано:

Төреғали полицейлермен бірге мүгедек қызды жаңа жылмен құттықтады
Фото: Видеодан кадр

Отандық танымал әнші Төреғали Төреәлі Алматы полицейлерімен бірге сал ауруына шалдыққан он жасар қызды арнайы жаңа жылмен құттықтап, оның үйіне қонақ болып барған деп хабарлайды ІІМ ресми сайты Polisia.kz.

Алматы полициясы жаңа жыл қарсаңында мүгедек қыздың арманын орындап, оған өзінің сүйікті әншісі Төреғали Төреәлімен арнайы кездесу ұйымдастырған. Эстрада жұлдызы тәртіп сақшыларының игі бастамасына бірден қолдау білдіріп, келісімін берген.

Нәтижесінде әнші өзінің кішкентай жанкүйеріне естен кетпес ерекше тосын сый жасап, оны қуантып қайтқан.

Айта кетерлігі, 10 жасар Айғаным Мелисбек – кішкентайынан мүгедек (ДЦП). Ол – ПД конвой қызметі батальонының қызметкері Жарас Оразбаевтың қызы.

"Жаңа жыл қарсаңында мен және менің әріптестерім мүмкіндігі шектеулі балалардың, оның ішінде ерекше балалар тәрбиеленетін қызметкерлеріміздің отбасыларының тілектері мен армандарын орындау туралы шешім қабылдадық. Айғаным әнші Төреғали Төреәлінің жанкүйері болып шықты. Біз оған баланың арманына бірден жауап беріп, қызға қонаққа келгені үшін алғыс айтамыз.
Жалпы, Жаңа жыл алдында алматылық полиция қызметкерлері қызметтік міндеттерін орындау кезінде қайтыс болған әріптестерінің 50-ге жуық отбасыларына және мүгедек балалары бар 40-қа жуық отбасына барды. Балаларға бұл сапар ерекше болды, сондықтан ол театрландырылған форматта өтті. Осы мақсаттар үшін қазіргі полиция қызметкерлері Аяз ата мен Ақшақардың киімін киді" , – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Әбдуали Нашарбеков.

Алматы қаласы бойынша департаменттің кадр саясаты басқармасының мәліметтері бойынша, Алматы полициясы қызметтері мен бөлімшелерінің жеке құрамынан 42 қызметкер мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1891896-tregali-sal-auruyna-saldykkan-kyzdy-arnajy-zaa-zylmen-kttyktap-kajtty-video/

pixel