RU

"Қош бол 2020": Сәдуақасова отандастарын жаңа жыл мерекесімен құттықтады

Мадина Сәдуақасова шырша қасында
Фото: Instagram/sadvakasovamadina

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мадина Сәдуақасова барша қазақстандықтарды келіп жеткен жаңа жыл мерекесімен құттықтап, өзінің жүрекжарды тілегін жолдады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мадина Сәдуақасова 2020 жылмен Instagram парақшасында қоштасты. Өнер иесі арнайы жариялаған жазбасында адамзат баласы үшін сынақ ретінде өткен жылды ұмытып, алға ұмтылуға шақырды.

Эстрада жұлдызының айтуынша, аса ауыр өткен 2020 жыл халыққа көп нәрсені түсіндірді. Әнші сахнада ел алдында өнер көрсетудің қадірін ұғынып, жаңа жылда тыңдармандарымен концерттерде қауышуға ниет білдірді.

"Ал, қош бол 2020 дейміз ба? Менің бір таныстарым 3 жыл бойы тойларын жоспарлап , әдемі сандары бар 2020-да үйленеміз деп еді, болдырмай қойды 2020. Әдемі сан, ертең, келесі жылы“ деп жоспарламай, жасағың келсе, сәті келіп тұрса, дәл қазір істеу керек екен. Соны түсіндірді 2020. Сондықтан, Сіздерді ертең емес, келесі жылы емес дәл қазір Жаңа 2021 жылмен құттықтағым келіп тұр.
Аман болайық, ең бастысы , жақындарымыз аман есен, жақсылық пен бақытты сәттерге толы , 2021 құтты жыл болсын! Сіздермен , концерттерде кездестіріп, әндетіп, құшақтасып, суретке түсіп, бәрімізді жадыратып қауыштыратын Жыл болсын! Жаңа Жылдарыңызбен, менің сүйікті оқырмандарым" , - деп жазды Мадина Сәдуақасова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1891902-kos-bol-2020-sduakasova-otandastaryn-zaa-zyl-merekesimen-kttyktady/